https://sputnik.kz/20231224/bqo-auyldarynda-11-meditsinalyq-nysan-ashyldy-41142770.html
БҚО ауылдарында 11 медициналық нысан ашылды
БҚО ауылдарында 11 медициналық нысан ашылды
Sputnik Қазақстан
"Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы аясында өңірде 50 медициналық объекті салу жоспарланған 24.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-24T19:49+0500
2023-12-24T19:49+0500
2023-12-24T19:49+0500
денсаулық
батыс қазақстан облысы
медицина
https://sputnik.kz/img/533/81/5338100_0:172:3013:1866_1920x0_80_0_0_ea2e3c35df9df59174e58db2a881091d.jpg
АСТАНА, 24 желтоқсан – Sputnik. Биыл Батыс Қазақстан облысында медициналық объектілердің рекордтық саны – 4 дәрігерлік амбулатория және 7 фельдшерлік-акушерлік пункт салынды, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен "Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы аясында өңірде 50 медициналық объекті салу жоспарланған. Бүгінгі таңда тапсыруға жоспарланған 12 медициналық объектінің 5-і пайдалануға берілді.Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Сарыөмір ауылында қазан айында жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды. Медициналық мекеменің ғимараты пилоттық жоба аясында салынған."Дәрігерлік амбулаторияның өткізу қабілеті – күніне 35 адамға дейін, заманауи медициналық жабдықтармен жабдықталған және ауылда 22 адамды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етеді. Дәрігерлік амбулаторияда жалпы практика дәрігері кабинеттері, емшара, физиотерапиялық, стоматологиялық кабинеттер, акушер-гинеколог кабинеті, зертханалар, дәріхана, дені сау бала бөлмесі бар", - делінген хабарламада.Екінші дәрігерлік амбулатория Бәйтерек ауданының Асан кентінде пайдалануға берілді. Медициналық мекемеде 2 мыңға жуық тұрғынға қызмет көрсетіледі.Амбулатория орталықтандырылған сумен, автономды жылытумен және газдандырумен қамтамасыз етілген. Ол сондай-ақ заманауи жабдықтармен, соның ішінде қауіпсіздік камераларымен, кеңсе жабдықтарымен, жиһаздармен және медициналық қондырғылармен жабдықталған. Жаңа амбулатория халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.Сонымен қатар, Новенький кентінде, Пятимар және Қызылоба ауылдарында жаңа медициналық объектілер ашылды.
https://sputnik.kz/20231207/densaulyq-saqtau-salasyna-bolinetin-qarzhy-25-ese-osti-40690179.html
батыс қазақстан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/533/81/5338100_0:0:2731:2048_1920x0_80_0_0_c5138059eafe6ed1917d39f9f4e1e6a1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
батыс қазақстан облысы, медицина
батыс қазақстан облысы, медицина
БҚО ауылдарында 11 медициналық нысан ашылды
"Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы аясында өңірде 50 медициналық объекті салу жоспарланған
АСТАНА, 24 желтоқсан – Sputnik. Биыл Батыс Қазақстан облысында медициналық объектілердің рекордтық саны – 4 дәрігерлік амбулатория және 7 фельдшерлік-акушерлік пункт салынды, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен "Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы аясында өңірде 50 медициналық объекті салу жоспарланған. Бүгінгі таңда тапсыруға жоспарланған 12 медициналық объектінің 5-і пайдалануға берілді.
Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Сарыөмір ауылында қазан айында жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды. Медициналық мекеменің ғимараты пилоттық жоба аясында салынған.
"Дәрігерлік амбулаторияның өткізу қабілеті – күніне 35 адамға дейін, заманауи медициналық жабдықтармен жабдықталған және ауылда 22 адамды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етеді. Дәрігерлік амбулаторияда жалпы практика дәрігері кабинеттері, емшара, физиотерапиялық, стоматологиялық кабинеттер, акушер-гинеколог кабинеті, зертханалар, дәріхана, дені сау бала бөлмесі бар", - делінген хабарламада.
Екінші дәрігерлік амбулатория Бәйтерек ауданының Асан кентінде пайдалануға берілді. Медициналық мекемеде 2 мыңға жуық тұрғынға қызмет көрсетіледі.
Амбулатория орталықтандырылған сумен, автономды жылытумен және газдандырумен қамтамасыз етілген. Ол сондай-ақ заманауи жабдықтармен, соның ішінде қауіпсіздік камераларымен, кеңсе жабдықтарымен, жиһаздармен және медициналық қондырғылармен жабдықталған. Жаңа амбулатория халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, Новенький кентінде, Пятимар және Қызылоба ауылдарында жаңа медициналық объектілер ашылды.