https://sputnik.kz/20231207/densaulyq-saqtau-salasyna-bolinetin-qarzhy-25-ese-osti-40690179.html
Денсаулық сақтау саласына бөлінетін қаржы 2,5 есе өсті
Денсаулық сақтау саласына бөлінетін қаржы 2,5 есе өсті
Sputnik Қазақстан
Ал бір тұрғынның денсаулығына жұмсалатын шығын екі есе көбейді 07.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-07T16:27+0500
2023-12-07T16:27+0500
2023-12-07T16:27+0500
міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру
https://sputnik.kz/img/944/59/9445955_0:105:2000:1230_1920x0_80_0_0_d9a80d385490db02eeb8176eaae3d660.jpg
АСТАНА, 7 желтоқсан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КеАҚ басқарма төрағасы Әбілқайыр Сқақовты қабылдады, деп хабарлады Ақорда.Мемлекет басшысына әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің жыл басынан бері және жалпы МӘМС қолға алынған уақыт ішінде атқарылған жұмыстардың қорытындысы туралы есеп берілді.Әбілқайыр Сқақов МӘМС жүйесінің тиімділігін арттыруға қатысты Президент тапсырмаларының орындалу барысы туралы ақпарат берді. Атап айтқанда, әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің ауқымын кеңейтуге, қордың қаржылық тұрғыдан тұрақтылығын қамтамасыз етуге және МӘМС-ке қатысты барлық процесті жедел цифрландыруға бағытталған кешенді шаралар жүзеге асырылып жатыр.Бұдан бөлек, медициналық сақтандыру жүйесінің қызметіне қатысты қазақстандықтарды мазалаған өзекті мәселелерге назар аударылды. Қор жоспарын іске асыру барысында, ең алдымен, науқасқа және оның медициналық көмекке қажеттілігін өтеуге баса мән беріледі.Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Әбілқайыр Сқақовқа әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар міндет жүктеді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/944/59/9445955_111:0:1891:1335_1920x0_80_0_0_b3a9b40edd5bd1289e9f20a1acd3602b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру
міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру
Денсаулық сақтау саласына бөлінетін қаржы 2,5 есе өсті
Ал бір тұрғынның денсаулығына жұмсалатын шығын екі есе көбейді
АСТАНА, 7 желтоқсан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КеАҚ басқарма төрағасы Әбілқайыр Сқақовты қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Мемлекет басшысына әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің жыл басынан бері және жалпы МӘМС қолға алынған уақыт ішінде атқарылған жұмыстардың қорытындысы туралы есеп берілді.
"Президентке әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу нәтижесінде денсаулық сақтау саласына бөлінетін қаржы2,5 есе, ал бір тұрғынның денсаулығына жұмсалатын шығын екі есе өскені жөнінде баяндалды. Сонымен бірге азаматтарға арналған медициналық көмектің қолжетімділігін жақсарту жайында айтылды", - деп жазылған хабарламада.
Әбілқайыр Сқақов МӘМС жүйесінің тиімділігін арттыруға қатысты Президент тапсырмаларының орындалу барысы туралы ақпарат берді. Атап айтқанда, әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің ауқымын кеңейтуге, қордың қаржылық тұрғыдан тұрақтылығын қамтамасыз етуге және МӘМС-ке қатысты барлық процесті жедел цифрландыруға бағытталған кешенді шаралар жүзеге асырылып жатыр.
Бұдан бөлек, медициналық сақтандыру жүйесінің қызметіне қатысты қазақстандықтарды мазалаған өзекті мәселелерге назар аударылды. Қор жоспарын іске асыру барысында, ең алдымен, науқасқа және оның медициналық көмекке қажеттілігін өтеуге баса мән беріледі.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Әбілқайыр Сқақовқа әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар міндет жүктеді.