https://sputnik.kz/20231224/aday-zhylqysy-ulttyq-brendke-aynalady-41136090.html
Адай жылқысы ұлттық брендке айналады
Адай жылқысы ұлттық брендке айналады
Sputnik Қазақстан
Президенттің тапсырмасын орындау үшін мемлекеттік комиссия құрылып, зерттеу жұмыстары жүріп жатыр 24.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-24T08:04+0500
2023-12-24T08:04+0500
2023-12-24T08:04+0500
қоғам
жылқы
адай
https://sputnik.kz/img/07e7/0c/0f/40966564_0:160:3072:1888_1920x0_80_0_0_2137dff35bd3f97948281ec1817538d6.jpg
АСТАНА, 24 желтоқсан – Sputnik. Адай жылқысын дара тұқым деп танып, ұлттық брендке айналдыру үшін мемлекет басшысының тапсырмасымен зерттеу жұмыстары жүріп жатыр. Мемлекеттік комиссия да құрылды, деп хабарлайды "Хабар 24" арнасы.Ғалымдар мен ат спорты федерациясының өкілдері Маңғыстау облысының ауылдарын аралап, жылқы туралы мәлімет жинап жүр.Адай жылқысы қазақ бағзыдан салт мінетін жылқы тұқымы. Төзімділігі туралы түрлі аңыз-әңгіме көп. Арнайы құрылған мемлекеттік комиссия мүшелері облыстың барлық ауданын аралап, тың деректер жинады. Әрі жылқының генетикалық құрылымын ғылыми сынақтан өткізді."Адай жылқысы, қазақы жылқы тұқымдары, мұның бәрі халық селекциясымен шығарылған. Бұл жерде нақты мына кісі жасады деп айта алмаймыз. Ең алдымен, бұл халық селекциялық жаңа тұқым болып шығады. Ал кейін заңға қарай қалған авторларды қосуға болады", - дейді комиссия мүшесі Сейілхан Рахманов.Адай жылқыларына асыл тұқымды мал мәртебесін беру үшін аймақта бірнеше шара ұйымдастырылды. Нәтижесі жоқ емес. Бұл туралы мамандар облыс әкімімен кездесуде айтты. Енді арнайы акт жасалады. Артынша патент алу үшін құжат ауыл шаруашылығы және әділет министрлігіне жіберіледі."Мемлекет басшысы Маңғыстау облысына келгенде тапсырма берген болатын. Үлкен жұмыс атқарылды. Ғасырлар бойы ата-бабаларымыздың атқарған, ешкімнен құн сұрамай, ешкімге бәлденбей, аянбай, күндеп, сағаттап, айлап, жылдап атқарған істерінің нәтижесі міне қазір ресми талаптарға рең алып келе жатыр. Сол енді реттелуі керек", - дейді облыс әкімі Нұрлан Ноғаев.
https://sputnik.kz/20231102/frantsuzdarga-ettin-dami-unap-qaldy-qazaqstan-zhylqy-eti-eksportynyn-kolemin-arttyrady-39842810.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0c/0f/40966564_171:0:2902:2048_1920x0_80_0_0_7cebf19c1023d8ac27c91043001c2f57.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жылқы, адай
Адай жылқысы ұлттық брендке айналады
Президенттің тапсырмасын орындау үшін мемлекеттік комиссия құрылып, зерттеу жұмыстары жүріп жатыр
АСТАНА, 24 желтоқсан – Sputnik. Адай жылқысын дара тұқым деп танып, ұлттық брендке айналдыру үшін мемлекет басшысының тапсырмасымен зерттеу жұмыстары жүріп жатыр. Мемлекеттік комиссия да құрылды, деп хабарлайды
"Хабар 24" арнасы.
Ғалымдар мен ат спорты федерациясының өкілдері Маңғыстау облысының ауылдарын аралап, жылқы туралы мәлімет жинап жүр.
Адай жылқысы қазақ бағзыдан салт мінетін жылқы тұқымы. Төзімділігі туралы түрлі аңыз-әңгіме көп. Арнайы құрылған мемлекеттік комиссия мүшелері облыстың барлық ауданын аралап, тың деректер жинады. Әрі жылқының генетикалық құрылымын ғылыми сынақтан өткізді.
"Адай жылқысы, қазақы жылқы тұқымдары, мұның бәрі халық селекциясымен шығарылған. Бұл жерде нақты мына кісі жасады деп айта алмаймыз. Ең алдымен, бұл халық селекциялық жаңа тұқым болып шығады. Ал кейін заңға қарай қалған авторларды қосуға болады", - дейді комиссия мүшесі Сейілхан Рахманов.
Адай жылқыларына асыл тұқымды мал мәртебесін беру үшін аймақта бірнеше шара ұйымдастырылды. Нәтижесі жоқ емес. Бұл туралы мамандар облыс әкімімен кездесуде айтты. Енді арнайы акт жасалады. Артынша патент алу үшін құжат ауыл шаруашылығы және әділет министрлігіне жіберіледі.
"Мемлекет басшысы Маңғыстау облысына келгенде тапсырма берген болатын. Үлкен жұмыс атқарылды. Ғасырлар бойы ата-бабаларымыздың атқарған, ешкімнен құн сұрамай, ешкімге бәлденбей, аянбай, күндеп, сағаттап, айлап, жылдап атқарған істерінің нәтижесі міне қазір ресми талаптарға рең алып келе жатыр. Сол енді реттелуі керек", - дейді облыс әкімі Нұрлан Ноғаев.