https://sputnik.kz/20231102/frantsuzdarga-ettin-dami-unap-qaldy-qazaqstan-zhylqy-eti-eksportynyn-kolemin-arttyrady-39842810.html
"Француздарға еттің дәмі ұнап қалды": Қазақстан жылқы еті экспортының көлемін арттырады
"Француздарға еттің дәмі ұнап қалды": Қазақстан жылқы еті экспортының көлемін арттырады
Sputnik Қазақстан
Қазір бізде Жапонияға ет тасымалдайтын 32 компания бар 02.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-02T11:27+0500
2023-11-02T11:27+0500
2023-11-02T11:37+0500
жылқы
экспорт
франция
қазақстан
https://sputnik.kz/img/150/15/1501534_0:0:963:541_1920x0_80_0_0_1c72387b7f3f8b5597c3d072f40560cd.jpg
АСТАНА, 2 қараша - Sputnik. Қазақстан Францияға жылқы етін көптеп жеткізуге мүдделі. Бұл туралы үкімет басшысының орынбасары Серік Жұманғарин айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Франция президентінің ресми сапары барысында шетелдік делегацияның өкілдері қазақтың жылқы етін жеп көрген. Жұманғариннің айтуынша, қонақтарға ұнап қалған. Тіпті, тағы салып беруді сұраған.Оның айтуынша, биыл жылқы етінің өндірісі айтарлықтай өсті. Мал басы да күрт өсті. Ал тамаққа қолданылатын жылқылардың басым бөлігі батыста көбейтіледі."Қазіргі кезде біз ауыл шаруашылығы бойынша тәжірибелік станцияны құруға шешім қабылдап жатырмыз. Ақтөбеде мал шаруашылығы институтының бөлек филиалы болады. Олар жылқы өсірумен ғана айналысады", - деп атап көрсетті Жұманғарин.
франция
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/150/15/1501534_93:0:814:541_1920x0_80_0_0_99f6fc9e2b7823ac1b60748f2a0f8161.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жылқы, экспорт, франция, қазақстан
жылқы, экспорт, франция, қазақстан
"Француздарға еттің дәмі ұнап қалды": Қазақстан жылқы еті экспортының көлемін арттырады
11:27 02.11.2023 (жаңартылды: 11:37 02.11.2023) Қазір бізде Жапонияға ет тасымалдайтын 32 компания бар
АСТАНА, 2 қараша - Sputnik. Қазақстан Францияға жылқы етін көптеп жеткізуге мүдделі. Бұл туралы үкімет басшысының орынбасары Серік Жұманғарин айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Франция президентінің ресми сапары барысында шетелдік делегацияның өкілдері қазақтың жылқы етін жеп көрген. Жұманғариннің айтуынша, қонақтарға ұнап қалған. Тіпті, тағы салып беруді сұраған.
"Кеше француздармен жылқы етінің экпорты туралы сөйлестік. Себебі Франция ол етті тұтынатын мемлекеттерге жатады. Қазір бізде Жапонияға ет тасымалдайтын 32 компания бар. Францияға да жеткізілетін еттің көлемін арттыру қажет. Кеше оларға жылқы етін бергенбіз, ұнатып қалды, тағы салып беруді де сұрады", - деді Жұманғарин журналистерге берген сұхбатында.
Оның айтуынша, биыл жылқы етінің өндірісі айтарлықтай өсті. Мал басы да күрт өсті. Ал тамаққа қолданылатын жылқылардың басым бөлігі батыста көбейтіледі.
"Қазіргі кезде біз ауыл шаруашылығы бойынша тәжірибелік станцияны құруға шешім қабылдап жатырмыз. Ақтөбеде мал шаруашылығы институтының бөлек филиалы болады. Олар жылқы өсірумен ғана айналысады", - деп атап көрсетті Жұманғарин.