https://sputnik.kz/20231223/aes-salynsa-zharyq-bagasy-arzanday-ma-41129211.html
АЭС салынса, жарық бағасы қанша уақыттан кейін арзандайды
АЭС салынса, жарық бағасы қанша уақыттан кейін арзандайды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 23 желтоқсан – Sputnik. Энергетиктер АЭС бой көтере сала, электр энергиясының құны біртіндеп арзандайды дейді. Тек тарифтің төмендеуін жұрт нысан... 23.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-23T08:39+0500
2023-12-23T08:39+0500
2023-12-23T08:48+0500
атом электр станциясы
https://sputnik.kz/img/1287/24/12872455_60:0:2940:1620_1920x0_80_0_0_cdb08b10420aa1a92e6deeb70ee207b1.jpg
АСТАНА, 23 желтоқсан – Sputnik. Энергетиктер АЭС бой көтере сала, электр энергиясының құны біртіндеп арзандайды дейді. Тек тарифтің төмендеуін жұрт нысан толыққанды жұмыс істеген күннен бастап он жылдан кейін ғана көреді екен. Станция салуға кеткен миллиардтар да сол кезде өтеледі, деп хабарлады КТК.Референдум өтіп халық құп көрсе, АЭС құрылысы кемі он жылға созылады деп топшылайды сарапшылар. Осы аралықта шамамен 10 мен 15 млрд доллар арасында қаражат жұмсалады. Коммерциялық жобаға таласушылар тізімінде әзірге төрт елдің инвесторы бар. Жұртты алаңдатқан ең әуелгі мәселе — "АЭС салынса, Балқаш көлі тартылады" деген болжам. Қала берді су көп тұтынатын станцияның қалдығы көлге құйылады деген уәж көп айтылады. Бұған экологтардың өз айтары бар."Ең алдымен елді су мәселесі алаңдатып отыр. АЭС пен Балқаш арасында су алмасу жүрмейді. Балқаштан су толықтырылып отырады. Бұл біржақты процесс. Мұнара арқалықты қажетті көлеммен қамтамасыз ету үшін Балқаштан аз мөлшерде су алынады. Алынатын көлем Балқаш суының табиғи буланатын мөлшерінің шамамен 0,3 пайызы ғана. Бұл өте аз", - деп түіндірді Қазақстандық энергиямен жабдықтаушы ұйымдар қауымдастығының төрағасы Сергей Агафонов.Энергетиктер Чернобыль апатын қайталамауға "барымызды саламыз" деп отыр. Бүгінде әлемнің 32 елінде 427 реактор жұмыс істеп тұр. Атом энергетикасынан мүлдем бас тартқандар жоқ емес. Германия, Швейцария мен Еуропаның бірқатар мемлекеті АЭС жұмысын кезең-кезеңімен тоқтатып жатыр.
https://sputnik.kz/20231130/qazaqstanda-aes-qurylysy-memlekettik-byudzhetke-auyrtpalyq-tusirmeydi--qaes-bas-direktory-40537983.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1287/24/12872455_276:0:2436:1620_1920x0_80_0_0_21523a50a17a5df929254234346fc18a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
атом электр станциясы
АЭС салынса, жарық бағасы қанша уақыттан кейін арзандайды
08:39 23.12.2023 (жаңартылды: 08:48 23.12.2023) АСТАНА, 23 желтоқсан – Sputnik. Энергетиктер АЭС бой көтере сала, электр энергиясының құны біртіндеп арзандайды дейді. Тек тарифтің төмендеуін жұрт нысан толыққанды жұмыс істеген күннен бастап он жылдан кейін ғана көреді екен. Станция салуға кеткен миллиардтар да сол кезде өтеледі, деп хабарлады
КТК. Референдум өтіп халық құп көрсе, АЭС құрылысы кемі он жылға созылады деп топшылайды сарапшылар. Осы аралықта шамамен 10 мен 15 млрд доллар арасында қаражат жұмсалады. Коммерциялық жобаға таласушылар тізімінде әзірге төрт елдің инвесторы бар.
"Шорт-парағымызда АЭС салатын төрт мердігеріміз бар. Ол тізім өзгерген жоқ. Ресей, Қытай, Оңтүстік Корея, Франция мемлекеттерінің вендерлері. "Росатомға" немесе басқаға да басымдық беріліп жатқан жоқ", - дейді "Қазақстан Атом электр станциялары" ЖШС маманы Асуман Сиябеков.
Жұртты алаңдатқан ең әуелгі мәселе — "АЭС салынса, Балқаш көлі тартылады" деген болжам. Қала берді су көп тұтынатын станцияның қалдығы көлге құйылады деген уәж көп айтылады. Бұған экологтардың өз айтары бар.
"Ең алдымен елді су мәселесі алаңдатып отыр. АЭС пен Балқаш арасында су алмасу жүрмейді. Балқаштан су толықтырылып отырады. Бұл біржақты процесс. Мұнара арқалықты қажетті көлеммен қамтамасыз ету үшін Балқаштан аз мөлшерде су алынады. Алынатын көлем Балқаш суының табиғи буланатын мөлшерінің шамамен 0,3 пайызы ғана. Бұл өте аз", - деп түіндірді Қазақстандық энергиямен жабдықтаушы ұйымдар қауымдастығының төрағасы Сергей Агафонов.
Энергетиктер Чернобыль апатын қайталамауға "барымызды саламыз" деп отыр. Бүгінде әлемнің 32 елінде 427 реактор жұмыс істеп тұр. Атом энергетикасынан мүлдем бас тартқандар жоқ емес. Германия, Швейцария мен Еуропаның бірқатар мемлекеті АЭС жұмысын кезең-кезеңімен тоқтатып жатыр.