https://sputnik.kz/20231130/qazaqstanda-aes-qurylysy-memlekettik-byudzhetke-auyrtpalyq-tusirmeydi--qaes-bas-direktory-40537983.html
Қазақстанда АЭС құрылысы мемлекеттік бюджетке ауыртпалық түсірмейді – ҚАЭС бас директоры
Қазақстанда АЭС құрылысы мемлекеттік бюджетке ауыртпалық түсірмейді – ҚАЭС бас директоры
Sputnik Қазақстан
Коммерциялық тиімді тәсілдер қарастырылып жатыр 30.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-30T17:30+0500
2023-11-30T17:30+0500
2023-11-30T17:30+0500
атом электр станциясы
https://sputnik.kz/img/973/18/9731889_0:176:3019:1874_1920x0_80_0_0_2af94dcf586ce55e3fa035544af91e6a.jpg
АСТАНА, 30 қараша – Sputnik. Атом электр станциясының құрылысы Қазақстан бюджетіне ауыртпалық түсірмейді. Бұл туралы Sputnik Қазақстан тілшісіне "Атом энергетикасы – энергетикалық тәуелсіздік пен технологиялық дамудың негізі" тақырыбындағы панельдік сессия барысында "Қазақстан атом электр станциялары" (ҚАЭС) бас директоры Тимур Жантикин мәлімдеді.Жантикиннің айтуынша, ҚАЭС коммерциялық компания болғандықтан, коммерциялық тиімді тәсілдерді қарастыруда.Ол АҚШ-та атом электр станциялары бір кВт/сағ үшін 3 центтен жұмыс істейтінін, Пәкістанда жақында бұл көрсеткіш 6 цент болатын станцияны іске қосқанын, ескі станцияларда 2 центтен тұратынын айтты."Яғни, бұл нарықтағы нақты бағалар. Сондықтан жобаны әзірлеуге кіріскенде, жеткізушіні таңдаған кезде, нақтырақ есеп жүргізіледі", - деді ҚАЭС басшысы.Еске салсақ, ядролық технологиялардың әлеуетті жеткізушілерінің шорт-тізіміне төрт мемлекет кірді. Жантикиннің айтуынша, олардың әрқайсысы өз компанияларын қолдайды және Қазақстанға құрылысты несиелендірудің әртүрлі тетіктерін ұсынады."Әлеуетті жеткізуші елдердің барлығы да құрылысты қаржыландыру тетіктерін ұсынуға дайын", - деді ол.Бүгінгі таңда ҚАЭС қаржыландырудың әртүрлі тетіктерін қарастырып жатыр, деді Жантикин."Бастапқыда жобаның қаржылық бөлігі дұрыс есептелмегендіктен, ірі жоба тоқтап қалған. Құрылыс кезінде ақша жетіспеді және тағы сол сияқты. Біз жоба қаржы тапшылығына байланысты тоқтап қалатын осындай жағдайға тап болғымыз келмейді", - деді Жантикин.ҚАЭС қарастыратын атом электр станцияларының құрылысы бойынша негізгі критерийлер:
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/973/18/9731889_143:0:2874:2048_1920x0_80_0_0_4c3afcc94b77b8c1b69df2fdc54e50ce.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
атом электр станциясы
Қазақстанда АЭС құрылысы мемлекеттік бюджетке ауыртпалық түсірмейді – ҚАЭС бас директоры
Коммерциялық тиімді тәсілдер қарастырылып жатыр
АСТАНА, 30 қараша – Sputnik. Атом электр станциясының құрылысы Қазақстан бюджетіне ауыртпалық түсірмейді. Бұл туралы
Sputnik Қазақстан тілшісіне "Атом энергетикасы – энергетикалық тәуелсіздік пен технологиялық дамудың негізі" тақырыбындағы панельдік сессия барысында "Қазақстан атом электр станциялары" (ҚАЭС) бас директоры Тимур Жантикин мәлімдеді.
Жантикиннің айтуынша, ҚАЭС коммерциялық компания болғандықтан, коммерциялық тиімді тәсілдерді қарастыруда.
"Біз жобаның коммерциялық құрамдас бөлігіне назар аударамыз. Мысалы, меншікті қаражаттың кірісі сияқты көрсеткіштер бар. Біз "Самұрық-Қазына" қоры үшін стандартты көрсеткішті алдық – бұл кВт/сағ үшін 11,5 цент, содан кейін нарықтағы коммерциялық несиелерді ескердік. Мұның бәрі бір кВт/сағ үшін 8-12 центтен басталатын құнның ауқымын береді", - дейді Жантикин.
Ол АҚШ-та атом электр станциялары бір кВт/сағ үшін 3 центтен жұмыс істейтінін, Пәкістанда жақында бұл көрсеткіш 6 цент болатын станцияны іске қосқанын, ескі станцияларда 2 центтен тұратынын айтты.
"Яғни, бұл нарықтағы нақты бағалар. Сондықтан жобаны әзірлеуге кіріскенде, жеткізушіні таңдаған кезде, нақтырақ есеп жүргізіледі", - деді ҚАЭС басшысы.
Еске салсақ, ядролық технологиялардың әлеуетті жеткізушілерінің шорт-тізіміне төрт мемлекет кірді. Жантикиннің айтуынша, олардың әрқайсысы өз компанияларын қолдайды және Қазақстанға құрылысты несиелендірудің әртүрлі тетіктерін ұсынады.
"Әлеуетті жеткізуші елдердің барлығы да құрылысты қаржыландыру тетіктерін ұсынуға дайын", - деді ол.
Бүгінгі таңда ҚАЭС қаржыландырудың әртүрлі тетіктерін қарастырып жатыр, деді Жантикин.
"Бастапқыда жобаның қаржылық бөлігі дұрыс есептелмегендіктен, ірі жоба тоқтап қалған. Құрылыс кезінде ақша жетіспеді және тағы сол сияқты. Біз жоба қаржы тапшылығына байланысты тоқтап қалатын осындай жағдайға тап болғымыз келмейді", - деді Жантикин.
ҚАЭС қарастыратын атом электр станцияларының құрылысы бойынша негізгі критерийлер:
су-сулы ядролық реакторлар;
қауіпсіздігі жоғары 3+ буын реакторлары;
АЭС құны бағаланған экономикалық модель.
Қарастырылып отырған реакторлардың қуаты 1200-1400 МВт.