https://sputnik.kz/20231221/astanada-buryngy-inkassator-bankomattan-4-mln-tengege-zhuyq-aqsha-urlagan-41085436.html
Астанада бұрынғы инкассатор банкоматтан 4 млн теңгеге жуық ақша ұрлаған
Астанада бұрынғы инкассатор банкоматтан 4 млн теңгеге жуық ақша ұрлаған
Sputnik Қазақстан
Қылмыс бес ай бұрын жасалған 21.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-21T11:22+0500
2023-12-21T11:22+0500
2023-12-21T11:22+0500
қоғам
банкомат
https://sputnik.kz/img/785/26/7852617_0:63:1199:737_1920x0_80_0_0_d00b34228e9a99484e1bad605824b910.jpg
АСТАНА, 21 желтоқсан – Sputnik. Астанада бұрынғы инкассатор банкоматтан ақша ұрлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметі.Ұрлық биыл тамыз айында жасалған. Бес айға жуық уақыттан кейін жүргізілген ревизия барысында 3 млн 760 мың теңге мөлшерінде ақша жетпейтіні анықталды."Бейнебақылау камераларын қарап шыққан тәртіп сақшылары күдіктінің ізіне түскен. Бейнежазбада таңғы уақытта бетін жауып алған ер адамның банк филиалы ғимаратына қалай кіргені көрсетіледі. Ол банк аппаратын ашып, қолма-қол ақша салынған дискілерді алып кеткен", - дейді ведомстводағылар.Ұрлыққа бұрынғы инкассатордың қатысы бар екені белгілі болды. Бұған дейін 27 жастағы күдікті екі ай ақша тасымалдаумен айналысқан. Жұмыстан шыққаннан кейін банкоматтың кіру кодтарын білетіндіктен ақша ұрлауға бел буған.Қылмыстық кодекстің 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ер адам кінәсін мойындады.
https://sputnik.kz/20220821/bankomat-aqsha-karta-26899272.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/785/26/7852617_65:0:1132:800_1920x0_80_0_0_673503435891cdd564218c12645f877c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
банкомат
Астанада бұрынғы инкассатор банкоматтан 4 млн теңгеге жуық ақша ұрлаған
Қылмыс бес ай бұрын жасалған
АСТАНА, 21 желтоқсан – Sputnik. Астанада бұрынғы инкассатор банкоматтан ақша ұрлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметі.
Ұрлық биыл тамыз айында жасалған. Бес айға жуық уақыттан кейін жүргізілген ревизия барысында 3 млн 760 мың теңге мөлшерінде ақша жетпейтіні анықталды.
"Бейнебақылау камераларын қарап шыққан тәртіп сақшылары күдіктінің ізіне түскен. Бейнежазбада таңғы уақытта бетін жауып алған ер адамның банк филиалы ғимаратына қалай кіргені көрсетіледі. Ол банк аппаратын ашып, қолма-қол ақша салынған дискілерді алып кеткен", - дейді ведомстводағылар.
Ұрлыққа бұрынғы инкассатордың қатысы бар екені белгілі болды. Бұған дейін 27 жастағы күдікті екі ай ақша тасымалдаумен айналысқан. Жұмыстан шыққаннан кейін банкоматтың кіру кодтарын білетіндіктен ақша ұрлауға бел буған.
Қылмыстық кодекстің 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ер адам кінәсін мойындады.