https://sputnik.kz/20220821/bankomat-aqsha-karta-26899272.html
Банкомат істен шығып, ақша картаға түспей қалса, не істеу керек
Банкомат істен шығып, ақша картаға түспей қалса, не істеу керек
Sputnik Қазақстан
Бүгінде банкоматтың көмегімен миллиондаған адам ақша аударады, қолма-қол шешіп алады, несиесін төлейді. Ал кез келген электронды жүйеде техникалық ақау болып... 21.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-21T19:29+0500
2022-08-21T19:29+0500
2022-08-21T19:29+0500
қоғам
банкомат
ақша
https://sputnik.kz/img/909/23/9092393_50:0:2452:1351_1920x0_80_0_0_261015e7ecb42e0532f6c9967c4e8033.jpg
Бүгінде банкоматтың көмегімен миллиондаған адам ақша аударады, қолма-қол шешіп алады, несиесін төлейді. Ал кез келген электронды жүйеде техникалық ақау болып тұратыны сөзсіз. Ақша операциясын орындап жатқан сәтте банкомат аяқ асты істен шығуы мүмкін. Мұндай жағдайда не істеу керек? Толығырақ Sputnik Қазақстан материалынан оқыңыз.Банкомат жұмысындағы ақауБанкомат – күрделі құрылғы, ақау түрлі себептен туындайды. Мысалы, шотқа ақша аударып жатқанда істен шығып, ақша түспей қалуы мүмкін. Сол кезде не істеу керек?Банкоматты суретке түсіріп, банкке қоңырау шалып, ақау туралы ескерту қажет. Банк қызметкерлері банкоматтың қай жерде орналасқанын, оның түрі мен операция уақытын, ақша сомасын, сіздің жеке деректеріңіз бен карта мәліметтерін сұрауы мүмкін. Егер ақау уақытша болса, банкомат көп ұзамай операцияны жалғастырады немесе автоматты түрде ақшаны клиентке қайтарады. Сондықтан аппараттың қасынан кетіп қалмай, аздап күткен абзал. Бұл уақытта банк операторымен байланыста болу қажет.Егер проблема шешілмесе, банкке арыз жазып, чектің көшірмесі мен экран суретін қоса ұсыну керек. Қазір көптеген банк арызды электронды түрде қабылдайды: сізге өздерінің формасына сілтеме жібереді, сіз оны толтырып, дәлел үшін фото қосып бересіз. Егер банкоматтың ақауы расталса, банк ақшаны 1-5 күн ішінде қайтарады.Егер банкомат сіз сұрағаннан көп ақша шығарып берсе, артығын қайтару қажет. Банкке телефонмен немесе кеңсесіне барып ескерткен жөн.Егер қолма-қол ақша шығармай қойсаБанкомат жұмысынан ақау кетсе, қолма-қол ақшаны алу мұңға айналады: қағаз ақшаны шығармай қоюы мүмкін немесе ол құрылғының ішінде тұрып қалады, не банкомат чекте көрсетілгеннен аз ақша шығарады.Не істеу керек? Бұл жағдайда да сәл күткен дұрыс. Өйткені банкомат қайта жүктеліп, қатесін түзетуі мүмкін. Ал егер құрылғы ақшаны сол күйі бермесе, банкке хабарласып, барлық мәліметті айтасыз. Қажет болса, бөлімшеге барып, өтініш жазып, чектің көшірмесін ұсынасыз.Өтініште карта нөмерін, ақша сомасын, операция уақытын, банкоматтың адресі мен нөмірін көрсету қажет. Банк өтінішті қабылдағаннан кейін, оның көшірмесін өзіңізге сұрап алыңыз. Көшірмеде банктің мөрі, датасы және өтініш қабылдаған қызметкердің қолы болуы керек.Сондай-ақ банк камера жазбасы мен банкоматтың бағдарламалық жасақтамасын тексеріп, аппарат сейфін ашып, оның ішінде қалған қағаз ақшаны санап, осыдан кейін қандай да бір қорытынды жасауы мүмкін. Егер банкоматтың қатесі расталса, банк ақшаңызды картаға аударады.Банкомат картаны "жұтып" қойса, не істеу керекБанкомат картаны әртүрлі себеппен бермей қоюы мүмкін:Мұндай жағдайда оны банкоматтан өз бетінше алып шығуға тырыспаңыз. Банкоматта банктің телефон нөмірі бар, соған қоңырау шалып, болған жайтты айтыңыз. Банк қызметкері картаны қашан және қайдан алуға болатынын түсіндіреді. Картада қалған ақшаны банктің кассасынан алуға болады.Халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру порталының мамандары мүмкіндігінше банк бөлімшелері, мемлекеттік органдар мен ірі сауда орталықтарының ішіндегі банкоматтарды пайдалануға кеңес береді. Себебі мұндай құрылғылар жиі тексеріледі және жақсы күзетіледі.Банкоматтан қолма-қол ақша алғанда, ПИН-кодты ешкімге көрсетпеңіз. Жалпы ПИН-код пен картаның толық реквизиттерін, әсіресе, картаның теріс жағындағы үш мәнді код пен жарамдылық мерзімін бөтен адамдарға айтуға болмайды.
https://sputnik.kz/20200906/bankomat-urlyq-aqsha-14894611.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/909/23/9092393_350:0:2151:1351_1920x0_80_0_0_a453263aecb3046162218ef6b6283522.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
банкомат, ақша
Бүгінде банкоматтың көмегімен миллиондаған адам ақша аударады, қолма-қол шешіп алады, несиесін төлейді. Ал кез келген электронды жүйеде техникалық ақау болып тұратыны сөзсіз. Ақша операциясын орындап жатқан сәтте банкомат аяқ асты істен шығуы мүмкін. Мұндай жағдайда не істеу керек? Толығырақ
Sputnik Қазақстан материалынан оқыңыз.
Банкомат жұмысындағы ақау
Банкомат – күрделі құрылғы, ақау түрлі себептен туындайды. Мысалы, шотқа ақша аударып жатқанда істен шығып, ақша түспей қалуы мүмкін. Сол кезде не істеу керек?
Банкоматты суретке түсіріп, банкке қоңырау шалып, ақау туралы ескерту қажет. Банк қызметкерлері банкоматтың қай жерде орналасқанын, оның түрі мен операция уақытын, ақша сомасын, сіздің жеке деректеріңіз бен карта мәліметтерін сұрауы мүмкін. Егер ақау уақытша болса, банкомат көп ұзамай операцияны жалғастырады немесе автоматты түрде ақшаны клиентке қайтарады. Сондықтан аппараттың қасынан кетіп қалмай, аздап күткен абзал. Бұл уақытта банк операторымен байланыста болу қажет.
Егер проблема шешілмесе, банкке арыз жазып, чектің көшірмесі мен экран суретін қоса ұсыну керек. Қазір көптеген банк арызды электронды түрде қабылдайды: сізге өздерінің формасына сілтеме жібереді, сіз оны толтырып, дәлел үшін фото қосып бересіз. Егер банкоматтың ақауы расталса, банк ақшаны 1-5 күн ішінде қайтарады.
Егер банкомат сіз сұрағаннан көп ақша шығарып берсе, артығын қайтару қажет. Банкке телефонмен немесе кеңсесіне барып ескерткен жөн.
Егер қолма-қол ақша шығармай қойса
Банкомат жұмысынан ақау кетсе, қолма-қол ақшаны алу мұңға айналады: қағаз ақшаны шығармай қоюы мүмкін немесе ол құрылғының ішінде тұрып қалады, не банкомат чекте көрсетілгеннен аз ақша шығарады.
Не істеу керек? Бұл жағдайда да сәл күткен дұрыс. Өйткені банкомат қайта жүктеліп, қатесін түзетуі мүмкін. Ал егер құрылғы ақшаны сол күйі бермесе, банкке хабарласып, барлық мәліметті айтасыз. Қажет болса, бөлімшеге барып, өтініш жазып, чектің көшірмесін ұсынасыз.
Өтініште карта нөмерін, ақша сомасын, операция уақытын, банкоматтың адресі мен нөмірін көрсету қажет. Банк өтінішті қабылдағаннан кейін, оның көшірмесін өзіңізге сұрап алыңыз. Көшірмеде банктің мөрі, датасы және өтініш қабылдаған қызметкердің қолы болуы керек.
Сондай-ақ банк камера жазбасы мен банкоматтың бағдарламалық жасақтамасын тексеріп, аппарат сейфін ашып, оның ішінде қалған қағаз ақшаны санап, осыдан кейін қандай да бір қорытынды жасауы мүмкін. Егер банкоматтың қатесі расталса, банк ақшаңызды картаға аударады.
Банкомат картаны "жұтып" қойса, не істеу керек
Банкомат картаны әртүрлі себеппен бермей қоюы мүмкін:
пин-кодты үш рет қате терсеңіз;
жарамдылық мерзімі өтіп кетсе.
Мұндай жағдайда оны банкоматтан өз бетінше алып шығуға тырыспаңыз. Банкоматта банктің телефон нөмірі бар, соған қоңырау шалып, болған жайтты айтыңыз. Банк қызметкері картаны қашан және қайдан алуға болатынын түсіндіреді. Картада қалған ақшаны банктің кассасынан алуға болады.
Халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру порталының мамандары мүмкіндігінше банк бөлімшелері, мемлекеттік органдар мен ірі сауда орталықтарының ішіндегі банкоматтарды пайдалануға кеңес береді. Себебі мұндай құрылғылар жиі тексеріледі және жақсы күзетіледі.
Банкоматтан қолма-қол ақша алғанда, ПИН-кодты ешкімге көрсетпеңіз. Жалпы ПИН-код пен картаның толық реквизиттерін, әсіресе, картаның теріс жағындағы үш мәнді код пен жарамдылық мерзімін бөтен адамдарға айтуға болмайды.