Жетісу облысында жолды күтіп ұстамаған лауазымды тұлғаларға айыппұл салынды

© Sputnik / Евгений Епанчинцев / Медиабанкке өтуУборка снега на зимней трассе, архивное фото
Уборка снега на зимней трассе, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.12.2023
Жазылу
Сонымен қатар көше-жол желісіндегі кемшіліктер үшін бірқатар аудандардың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басшылары жазаланды
АСТАНА, 20 желтоқсан – Sputnik. Жетісу облысында жолды күтіп ұстау жөніндегі талаптарды орындамаған 249 лауазымды тұлға жауапқа тартылды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицейлер өңірдегі жолдардың жағдайын мұқият тексеруді жалғастырып жатыр. Анықталған кемшіліктер бойынша жыл басынан бері жол ұйымдарына 1360 ұйғарым жолданды.
"Жалпыға ортақ пайдаланатын жолдар тексеруден өтеді. Автомобиль жолдарын күтіп ұстау жөніндегі талаптарды орындамағаны үшін 249 лауазымды тұлға жалпы сомасы 8590500 теңгеден астам айыппұл санкцияларын сала отырып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды",– деді Жетісу облысы ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Диас Айнақұлов.
Сонымен қатар көше-жол желісіндегі кемшіліктер үшін бірқатар аудандардың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басшылары жазаланды.
Зимняя трасса - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.12.2023
Жол бойындағы сервисті әлі күнге дейін дамыта алмай келеміз – Смайылов
Жаңалықтар
0