https://sputnik.kz/20231205/zhol-boyyndagy-servisti-ali-kunge-deyin-damyta-almay-kelemiz--smayylov-40625717.html
Жол бойындағы сервисті әлі күнге дейін дамыта алмай келеміз – Смайылов
Жол бойындағы сервисті әлі күнге дейін дамыта алмай келеміз – Смайылов
Sputnik Қазақстан
Премьердің айтуынша, әкімдіктер сервис нысандарын салу үшін жер беру рәсімін созып жібереді 05.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-05T09:51+0500
2023-12-05T09:51+0500
2023-12-05T09:51+0500
әлихан смайылов
жол
сервис
https://sputnik.kz/img/116/17/1161774_0:100:1921:1180_1920x0_80_0_0_f7a70e9e32a7c86e7d0db7b675a2a8f9.jpg
АСТАНА, 5 желтоқсан – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов халықаралық және ішкі маршруттарда жол бойындағы сервис әлі күнге дейін дамымай отырғанын сынады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Ол жол бойындағы сервис бойынша да проблемалар әлі бар екенін атап өтті.Айтуынша, сервис объектілері үшін жол бойынан жер учаскесін беруді әкімдіктер созып жіберген. Осыған байланысты инфрақұрылымның дамуы тоқтап тұр."Оның үстіне, біз Ұлттық стандартты баяғыда қабылдап қойдық. Онда жол бойындағы сервис объектілері мен көрсетілетін қызметтерге қойылатын талаптар белгіленген. Бұл қосымша транзит көлемін тартуға мүмкіндік берер еді. Алайда сервис объектілерінің көбі біздің стандартқа сәйкес келмейді", - дейді премьер-министр.Осыған байланысты үкімет басшысы әкімдіктерге сервис объектілерін салу үшін бизнеске жер учаскелерін беруге қатысты рәсімдерді соза бермей, 2 ай мерзімде жүргізуді тапсырды.Сонымен қатар, инвесторлар тарту және жол бойындағы сервис жобаларын іске асыру бойынша жеңілдетілген механизмді пысықтау қажет екенін айтты.Бұдан бөлек әкімдіктер жол бойындағы сервис объектілерін ұлттық стандартқа сәйкес келтіру жөніндегі жол карталарын әзірлеуі керек.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/116/17/1161774_106:0:1813:1280_1920x0_80_0_0_5fc50d279d15b7b9eadc7301066aa0b1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әлихан смайылов, жол, сервис
әлихан смайылов, жол, сервис
Жол бойындағы сервисті әлі күнге дейін дамыта алмай келеміз – Смайылов
Премьердің айтуынша, әкімдіктер сервис нысандарын салу үшін жер беру рәсімін созып жібереді
АСТАНА, 5 желтоқсан – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов халықаралық және ішкі маршруттарда жол бойындағы сервис әлі күнге дейін дамымай отырғанын сынады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ол жол бойындағы сервис бойынша да проблемалар әлі бар екенін атап өтті.
"Мәселен, Батыс Еуропа – Батыс Қытай транзит дәлізінің іске қосылғанына 5 жылдан асса да, жол бойындағы сервисті әлі күнге дейін дамыта алмай келеміз. Бұл туралы бірнеше рет айтылды, тиісті тапсырмалар берілді, бірақ өзгерген ештеңе жоқ. Халықаралық жолдар мен ішкі маршруттардың бәрінде де жағдай осындай", - деді Смайылов үкімет отырысында.
Айтуынша, сервис объектілері үшін жол бойынан жер учаскесін беруді әкімдіктер созып жіберген. Осыған байланысты инфрақұрылымның дамуы тоқтап тұр.
"Оның үстіне, біз Ұлттық стандартты баяғыда қабылдап қойдық. Онда жол бойындағы сервис объектілері мен көрсетілетін қызметтерге қойылатын талаптар белгіленген. Бұл қосымша транзит көлемін тартуға мүмкіндік берер еді. Алайда сервис объектілерінің көбі біздің стандартқа сәйкес келмейді", - дейді премьер-министр.
Осыған байланысты үкімет басшысы әкімдіктерге сервис объектілерін салу үшін бизнеске жер учаскелерін беруге қатысты рәсімдерді соза бермей, 2 ай мерзімде жүргізуді тапсырды.
Сонымен қатар, инвесторлар тарту және жол бойындағы сервис жобаларын іске асыру бойынша жеңілдетілген механизмді пысықтау қажет екенін айтты.
Бұдан бөлек әкімдіктер жол бойындағы сервис объектілерін ұлттық стандартқа сәйкес келтіру жөніндегі жол карталарын әзірлеуі керек.