https://sputnik.kz/20231215/zhambyl-oblysynda-totenshe-zhagday-rezhimi-zhariyalandy-5-mynnan-asa-adam-qutqaryldy-40936240.html
Жамбыл облысында төтенше жағдай режимі жарияланды: 5 мыңнан аса адам құтқарылды
Жамбыл облысында төтенше жағдай режимі жарияланды: 5 мыңнан аса адам құтқарылды
Sputnik Қазақстан
Республикалық маңызы бар автожолдар жабылған 15.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-15T09:20+0500
2023-12-15T09:20+0500
2023-12-15T09:25+0500
өңірлер
жамбыл облысы
төтенше жағдай
https://sputnik.kz/img/07e5/02/03/16201073_0:0:1000:563_1920x0_80_0_0_46d16a0dac20135264eb42c7dd282994.jpg
АСТАНА, 15 желтоқсан – Sputnik. Жамбыл облысында ауа райының күрт нашарлауына байланысты жергілікті ауқымда табиғи сипаттағы төтенше жағдай режимі жарияланды, деп хабарлайды өңір әкімдігі.Республикалық маңызы бар автожолдар жабылған. Ауа райының күрт нашарлауына байланысты (температура төмендеуі, қарлы боран, жолдың көрінбеуі) 12 желтоқсаннан бастап республикалық маңызы бар "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" автобанының "Тараз-Алматы" бағыты бойынша және облыстық маңызы бар бірқатар жолда көлік қозғалысы тоқтатылды.Жамбыл облысы әкімінің тапсырмасымен 13 желтоқсаннан бастап өңірлік жедел штаб құрылып, жұмыстар жүргізіліп жатыр, дейді әкімдіктегілер.Құтқару жұмыстары жалғасуда. Облыстық ТЖ департаменті жанынан жедел желі ұйымдастырылды.Қазіргі уақытта Қордай және Шу аудандарында қосымша 825 орындық 9 жылыту пункті ұйымдастырылған. Құтқару шараларына 171 адам және 76 бірлік техника жұмылдырылды. Жолдағы блок-бекеттерге полиция нарядтары қойылған.Қатты жел мен қардың салдарынан Шу ауданында электр желілері үзіліп, тіректер құлады. Электр желілерін қалыпқа келтіру бойынша "Жамбыл электр желілері" ЖШС-мен 23 авариялық-құтқару тобы мен 27 арнайы техника жұмылдырылды. Газ құбырларының апаты тіркелген жоқ, штатты режимде берілуде.Төтенше жағдайға байланысты "Шу-Отар" учаскесінде 11 жолаушылар пойызы тоқтап қалған болатын. Шу аудандық көлік прокуратурасының ақпаратынша, қазір жолаушылар пойыздары жүре бастады, жағдай бақылауда."Облыстың қалған елді мекендерінде жағдай тұрақты", - деді облыс әкімдігіндегілер.Облыста "қауырт желі" нөмірлері жұмыс істейді: 8 7262 513575, 51 41 67.
https://sputnik.kz/20231212/boran-ayaz-12-oblysta-zhol-qozgalysyna-shekteu-engizildi-40867081.html
жамбыл облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/02/03/16201073_81:0:920:629_1920x0_80_0_0_e03f722afac8f38c7b8b0f9006b2e9c1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жамбыл облысы, төтенше жағдай
жамбыл облысы, төтенше жағдай
Жамбыл облысында төтенше жағдай режимі жарияланды: 5 мыңнан аса адам құтқарылды
09:20 15.12.2023 (жаңартылды: 09:25 15.12.2023) Республикалық маңызы бар автожолдар жабылған
АСТАНА, 15 желтоқсан – Sputnik. Жамбыл облысында ауа райының күрт нашарлауына байланысты жергілікті ауқымда табиғи сипаттағы төтенше жағдай режимі жарияланды, деп хабарлайды өңір әкімдігі.
Республикалық маңызы бар автожолдар жабылған. Ауа райының күрт нашарлауына байланысты (температура төмендеуі, қарлы боран, жолдың көрінбеуі) 12 желтоқсаннан бастап республикалық маңызы бар "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" автобанының "Тараз-Алматы" бағыты бойынша және облыстық маңызы бар бірқатар жолда көлік қозғалысы тоқтатылды.
Жамбыл облысы әкімінің тапсырмасымен 13 желтоқсаннан бастап өңірлік жедел штаб құрылып, жұмыстар жүргізіліп жатыр, дейді әкімдіктегілер.
"15 желтоқсан сағат 06:00-дегі жағдай бойынша 2413 адам құтқарылды, олардың ішінде 90 бала бар. 600-ге жуық адам үйлеріне қайтарылды. 1813 адам алты ауылдағы жылыту пунктеріне жеткізілді. 3 азамат Қордай аудандық орталық ауруханасына жеткізілді. Олардың жағдайы тұрақты, дәрігердің бақылауында. Екі күн ішінде жалпы 5000 адам құтқарылды", - делінген облыс әкімдігінің сайтында.
Құтқару жұмыстары жалғасуда. Облыстық ТЖ департаменті жанынан жедел желі ұйымдастырылды.
Қазіргі уақытта Қордай және Шу аудандарында қосымша 825 орындық 9 жылыту пункті ұйымдастырылған. Құтқару шараларына 171 адам және 76 бірлік техника жұмылдырылды. Жолдағы блок-бекеттерге полиция нарядтары қойылған.
Қатты жел мен қардың салдарынан Шу ауданында электр желілері үзіліп, тіректер құлады. Электр желілерін қалыпқа келтіру бойынша "Жамбыл электр желілері" ЖШС-мен 23 авариялық-құтқару тобы мен 27 арнайы техника жұмылдырылды. Газ құбырларының апаты тіркелген жоқ, штатты режимде берілуде.
Төтенше жағдайға байланысты "Шу-Отар" учаскесінде 11 жолаушылар пойызы тоқтап қалған болатын. Шу аудандық көлік прокуратурасының ақпаратынша, қазір жолаушылар пойыздары жүре бастады, жағдай бақылауда.
"Облыстың қалған елді мекендерінде жағдай тұрақты", - деді облыс әкімдігіндегілер.
Облыста "қауырт желі" нөмірлері жұмыс істейді: 8 7262 513575, 51 41 67.