Боран, аяз: 12 облыста жол қозғалысына шектеу енгізілді

© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.12.2023
Жазылу
Шектеулер республика бойынша он мың шақырымға жуық тас жолды қамтыды
АСТАНА, 12 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанда ауа райының нашарлауына байланысты тас жолдың 65 учаскесінде көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлады "ҚазАвтоЖол".
"12 желтоқсан сағат 18:30-дағы мәлімет бойынша ауа райының нашарлауына (ауа температурасының төмендеуі, боран, жолдың көрінбеуі) байланысты 12 облыстағы республикалық маңызы бар жолдардың 65 учаскесінде қозғалысқа шектеу енгізілді", - деп жазылған ұлттық компанияның хабарламасында.
Ақмола облысында
Барлық бағыт бойынша жолаушылар автобустары мен дизельді қозғалтқыштармен жабдықталған автокөліктер үшін жол жабылды.
Ақтөбе облысында
"Қарабұтақ-Комсомольское-Денисовка-Рудный-Қостанай" жолының 0 - 234 км, Қарабұтақ ауылы - Қостанай облысының шекарасы бөліктері жолаушылар автобустары мен дизельді қозғалтқыштармен жабдықталған автокөліктер үшін жабылды.
Алматы обылысында
Республикалық жолдардың төрт учаскесі барлық көлік түрі үшін жабылды.
Алматы – Көкпек – Көктал – Қорғас (Төре ауылынан Лавар ауылына дейінгі 44-109 шақырым);
Алматы – Өскемен (Жетісу облысының шекарасына дейінгі 25-124 шақырым);
Көкпек – Кеген – Түп (Аласа асуынан Кеген ауылына дейінгі 0-72 шақырым);
Алматы – Ташкент – Термез (Жаңақұрылыс ауылынан Жамбыл облысының шекарасына дейінгі 59-143 шақырым).
Жамбыл облысында
Барлық бағыт бойынша дизельдік қозғалтқыштармен жабдықталған автокөліктер үшін жабылды.
Жетісу облысында
Үшарал-Достық (84-184 км, Көктұма станциясы-Достық станциясы) барлық автокөлік үшін жабылды.
Қарағанды облысында
7 учаске барлық бағытта жолаушылар автобустары мен дизельдік қозғалтқыштармен жабдықталған автокөліктер үшін жабылды.
Қостанай облысында
7 учаске жолаушылар автобустары мен дизельдік қозғалтқыштармен жабдықталған автокөліктер үшін жабылды.
Маңғыстау облысында
2 учаске барлық автокөліктер үшінжабылды.
Павлодар облысында
2 учаске жолаушылар автобустары мен дизельдік қозғалтқыштармен жабдықталған автокөліктер үшін жабылды.
Солтүстік Қазақстан облысында
14 учаске жолаушылар автобустары мен дизельдік қозғалтқыштармен жабдықталған автокөліктер үшін жабылды.
Түркістан облысында
"Алматы-Ташкент-Термез" 593-652 км. Жамбыл облысы - Машат ауылы бөлігінде жүк автокөліктері үшін жол жабылды.
Ұлытау облысында
"Қызылорда-Павлодар" 756-788 км. Жаңаарка шекарасы - Қарағанды облысы шекарасы бөлігінде жолаушылар автобустары мен дизельді қозғалтқыштармен жабдықталған автокөліктер үшін жолдар жабылды.
Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар жолдарда 451 бірлік техника мен 907 қызметкер жұмылдырылды. Шамамен 1108 м3 көктайғаққа қарсы материал жұмсалды.
Жаңалықтар
0