https://sputnik.kz/20231215/vengriya-ukrainaga-korsetiletin-50-mlrd-dollar-komekti-tagy-bugattady-40938560.html
Венгрия Украинаға көрсетілетін 50 млрд доллар көмекті тағы бұғаттады
Венгрия Украинаға көрсетілетін 50 млрд доллар көмекті тағы бұғаттады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 15 желтоқсан – Sputnik. Венгрияның премьер-министрі Виктор Орбан Украинаға көрсетілетін 50 миллиард доллар көлеміндегі көмек тағы бұғатталғанын... 15.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-15T11:00+0500
2023-12-15T11:00+0500
2023-12-15T11:00+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
украина
https://sputnik.kz/img/07e7/0b/02/39834864_0:0:2798:1574_1920x0_80_0_0_2925a7f3203b751cc3fe0babb191cc7b.jpg
АСТАНА, 15 желтоқсан – Sputnik. Венгрияның премьер-министрі Виктор Орбан Украинаға көрсетілетін 50 миллиард доллар көлеміндегі көмек тағы бұғатталғанын мәлімдеді. Бұл туралы РИА Новости жазды.Бұған дейін Еурокеңес басшысы Шарль Мишель Еуроодақ басшылары 2024 жылдың басында Украинаға қаржылық көмекті бірауыздан бекітеді деп үміттенетінін айтты.Қазіргі уақытта Венгрия ЕО-ның Украинаға қатысты барлық дерлік шешіміне тосқауыл қойып отыр. Соның ішінде 500 миллион еуро көлеміндегі әскери көмектің сегізінші траншы, 2024 жылы әскери қолдау үшін Еуропалық Бейбітшілік қорынан 5 миллиард еуро бөлу, төрт жылға созылатын әскери көмек үшін 20 миллиард еуро көлеміндегі пакет, сондай-ақ 50 миллиард еуро көлеміндегі 2024-2027 жылдарға арналған макроқаржылық көмек бар.Бұған дейін Венгрия премьер-министрінің саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі Балаж Орбан өз еліне еуропалық қорлардан бөлінген қаражаттан бұғат алынса, Будапешт Киевке ақша бөлуге қойылған ветодан бас тартуға дайын екенін айтқан.Сәрсенбі күні Еурокомиссия Венгрия үшін бұрын бұғатталған он миллиард еуроға рұқсат етуге уәде берді. Брюссель бұл қадамға Виктор Орбан Украина мәселесі бойынша келісім береді деген үмітпен барып отыр.
https://sputnik.kz/20231214/ukrainadagy-qaqtygysty-kelissoz-arqyly-gana-sheshuge-bolady--batys-sheneunikteri-40911081.html
украина
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0b/02/39834864_0:0:2732:2048_1920x0_80_0_0_e5e555b5d1c383edb686bc15f8a097d2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
украина
Венгрия Украинаға көрсетілетін 50 млрд доллар көмекті тағы бұғаттады
АСТАНА, 15 желтоқсан – Sputnik. Венгрияның премьер-министрі Виктор Орбан Украинаға көрсетілетін 50 миллиард доллар көлеміндегі көмек тағы бұғатталғанын мәлімдеді. Бұл туралы
РИА Новости жазды.
"ЕО саммитінің түнгі кездесуінің қорытындысы: Украинаға қосымша ақшаға вето қойылды. Тиісті дайындықтан кейін келесі жылы бұл мәселеге қайта ораламыз", - деп жазды Орбан X әлеуметтік желісінде.
Бұған дейін Еурокеңес басшысы Шарль Мишель Еуроодақ басшылары 2024 жылдың басында Украинаға қаржылық көмекті бірауыздан бекітеді деп үміттенетінін айтты.
Қазіргі уақытта Венгрия ЕО-ның Украинаға қатысты барлық дерлік шешіміне тосқауыл қойып отыр. Соның ішінде 500 миллион еуро көлеміндегі әскери көмектің сегізінші траншы, 2024 жылы әскери қолдау үшін Еуропалық Бейбітшілік қорынан 5 миллиард еуро бөлу, төрт жылға созылатын әскери көмек үшін 20 миллиард еуро көлеміндегі пакет, сондай-ақ 50 миллиард еуро көлеміндегі 2024-2027 жылдарға арналған макроқаржылық көмек бар.
Бұған дейін Венгрия премьер-министрінің саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі Балаж Орбан өз еліне еуропалық қорлардан бөлінген қаражаттан бұғат алынса, Будапешт Киевке ақша бөлуге қойылған ветодан бас тартуға дайын екенін айтқан.
Сәрсенбі күні Еурокомиссия Венгрия үшін бұрын бұғатталған он миллиард еуроға рұқсат етуге уәде берді. Брюссель бұл қадамға Виктор Орбан Украина мәселесі бойынша келісім береді деген үмітпен барып отыр.