Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Украинадағы қақтығысты келіссөз арқылы ғана шешуге болады – Батыс шенеуніктері

© Sputnik / Константин Михальчевский / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.12.2023
Жазылу
Ресей бірнеше рет келіссөзге дайын екенін білдірді, бірақ Киев билігі оған заңнамалық деңгейде тыйым салған
АСТАНА, 14 желтоқсан – Sputnik. Батыс шенеуніктері бейбіт келіссөз Украинадағы қақтығысты шешудің жалғыз жолы екеніне сенімді. Бұл туралы New York Times жазды, деп хабарлады РИА Новости.
"АҚШ пен Еуропадағы көптеген шенеуніктің, соның ішінде Украинаны жақтаушыларқақтығысты реттеудің ықтимал жалғыз жолы келіссөз жүргізу деп санайды", - деп жазылған мақалада.
Басылым журналистерінің пікірінше, Украина президенті Владимир Зеленскийдің Вашингтонға сапармен баруына оның АҚШ-тың Украинаны қолдауы бірте-бірте бәсеңдеп жатыр деп қауіптенуі себеп болған.
Киев әлі де 2024 жылы Ресейге өткен аумақтарды тартып алуды көздеп отыр, бірақ АҚШ басшылығы Украина қарулы күштерінің қорғанысқа өтуін ең шынайы стратегия деп санайды. Бұл Зеленский уақыт ұтып, келесі шабуылға жаңа әскер жинауы үшін қажет, деп түйіндейді басылым.
Украина әскері НАТО дайындаған және шетелдік техникамен қаруланған жауынгерлік бригадаларды алдыңғы шепке шығарып, бес ай бойы Оңтүстік Донецк, Артемовск және Запорожье бағыттарында шабуыл жасады.
Ресей бірнеше рет келіссөзге дайын екенін білдірді, бірақ Киев билігі оған заңнамалық деңгейде тыйым салған.
Президент Украины Владимир Зеленский выступает на саммите Европейского союза в Брюссел - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.11.2023
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Қазір сайлау өткізетін уақыт емес – Зеленский
Жаңалықтар
0