Қырғызстан құтқарушыларын Қазақстанға көмекке жіберді

© Photo : УЧС ТемиртауАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.12.2023
Жазылу
Жамбыл облысында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды
АСТАНА, 15 желтоқсан – Sputnik. Қырғызстан Төтенше жағдайлар министрлігі құтқарушыларын Қазақстанға көмекке жіберді, деп хабарлады Sputnik Қырғызстан.
Кеше Алматы-Бішкек жолы қалың жауған қардың кесірінен жабылғаны белгілі болды.
"Қырғызстанға бет алған 150-ге жуық көлік Қордай мен Алға ауылдарының арасындағы тас жолда тұрып қалды. Бүгін таңертең Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрлігі қазақстандық құтқарушыларға көмекке 39 маман мен техника жіберді", - деп жазды басылым.
Еске сала кетейік, ауа райының күрт нашарлауына байланысты Жамбыл облысында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Республикалық маңызы бар автожолдар жабылды.
Жамбыл облысы әкімінің тапсырмасымен 13 желтоқсаннан бастап өңірлік жедел штаб жұмыс істеп жатыр. Құтқару жұмыстарына 117 арнайы техника, 103 адам (ТЖД, әскери қызметшілер) жұмылдырылды.
14 желтоқсан күні сағат 23.00-дегі жағдай бойынша құтқару бөлімшелері 1279 адамды құтқарып, эвакуациялады. Олар Қордай ауданындағы 6 жылыту пунктіне орналастырылды (Қайнар-1, Алға-1,Қордай-3, Кенен-1). Әлі де қар құрсауында қалып отырған көліктердің саны нақтыланып жатыр. Қатты жел мен қардың салдарынан Шу ауданында электр желілері үзіліп, тірек тіректері құлады.
Төтенше жағдай салдарынан "Шу Отар" учаскесінде 11 жолаушылар пойызы тоқтап тұр, олардың әрқайсысында орташа есеппен 500-700 адамнан бар. 12 жүк пойызы өз уақытынан кешігуде. Облыстың 4 ауданының 32 елді мекенінде 8 882 абонент электр қуатынан ажыратылған.
Қазіргі кезде желдің жылдамдығы секундына 45 метрге дейін жетеді.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.12.2023
Өңірлер
Жамбыл облысында төтенше жағдай режимі жарияланды: 5 мыңнан аса адам құтқарылды
Жаңалықтар
0