https://sputnik.kz/20231215/qarmet-ti-zhangyrtuga-13-mlrd-dollar-bolinedi-40935307.html
Qarmet-ті жаңғыртуға 1,3 млрд доллар бөлінеді
Qarmet-ті жаңғыртуға 1,3 млрд доллар бөлінеді
Sputnik Қазақстан
Ақша комбинат жабдықтарын жаңғыртуға, заманауи өндіріс технологияларын енгізуге жұмсалады 15.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-15T09:01+0500
2023-12-15T09:01+0500
2023-12-15T09:01+0500
экономика
арселормиттал теміртау
https://sputnik.kz/img/403/80/4038019_0:0:3648:2052_1920x0_80_0_0_83e2ce34f4feeeede428b56e4ef0aad5.jpg
АСТАНА, 15 желтоқсан – Sputnik. Үкіметте премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Qarmet компаниясының (бұрынғы "АрселорМиттал Теміртау") ағымдағы жұмысы мен кәсіпорынды одан әрі дамытудың өзекті мәселелері қаралды.Орталық мемлекеттік органдардың бірінші басшылары және жаңа инвестордың қатысуымен кәсіпорынның операциялық процестерін тұрақтандыру, оны қажетті шикізатпен қамтамасыз ету, сондай-ақ бірқатар құқықтық рәсімдерді жүргізу шаралары талқыланды.Смайылов кәсіпорын жұмысшылары алдындағы барлық міндеттемені уақтылы орындау қажеттігін атап өтті.Үкімет басшысы өндірісті одан әрі серпінді дамытуды, шығарылатын өнім көлемін ұлғайтуды және анықталған экологиялық заңбұзушылықтарды кезең-кезеңімен жоюды тапсырды.Отырыс қорытындысы бойынша Смайылов орталық мемлекеттік органдарға ағымдағы мәселелерді шешуде кәсіпорынға қажетті қолдау көрсету және инвестормен бірлесіп Qarmet-ті дамытудың әрбір бағыты бойынша нақты іс-қимыл жоспарын әзірлеу туралы тапсырма берді.
https://sputnik.kz/20231208/arselormittal-temirtau-resmi-turde-qarmet-bolyp-ozgerdi--kompaniyany-kim-basqarady-40720622.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/403/80/4038019_907:0:3648:2056_1920x0_80_0_0_fa8ad8806514b315e018a558a0f06f43.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
арселормиттал теміртау
Qarmet-ті жаңғыртуға 1,3 млрд доллар бөлінеді
Ақша комбинат жабдықтарын жаңғыртуға, заманауи өндіріс технологияларын енгізуге жұмсалады
АСТАНА, 15 желтоқсан – Sputnik. Үкіметте премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Qarmet компаниясының (бұрынғы "АрселорМиттал Теміртау") ағымдағы жұмысы мен кәсіпорынды одан әрі дамытудың өзекті мәселелері қаралды.
Орталық мемлекеттік органдардың бірінші басшылары және жаңа инвестордың қатысуымен кәсіпорынның операциялық процестерін тұрақтандыру, оны қажетті шикізатпен қамтамасыз ету, сондай-ақ бірқатар құқықтық рәсімдерді жүргізу шаралары талқыланды.
"Одан бөлек, комбинат жабдықтарын жаңғыртуды, заманауи өндіріс технологияларын енгізуді және өнеркәсіптік қауіпсіздік стандарттарын арттыруды көздейтін инвестициялық бағдарламаны іске асыру мәселелері қаралды. Атап айтқанда, бірінші кезеңде осы мақсаттарға шамамен 1,3 млрд доллар бөлінеді", - деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.
Смайылов кәсіпорын жұмысшылары алдындағы барлық міндеттемені уақтылы орындау қажеттігін атап өтті.
Үкімет басшысы өндірісті одан әрі серпінді дамытуды, шығарылатын өнім көлемін ұлғайтуды және анықталған экологиялық заңбұзушылықтарды кезең-кезеңімен жоюды тапсырды.
Отырыс қорытындысы бойынша Смайылов орталық мемлекеттік органдарға ағымдағы мәселелерді шешуде кәсіпорынға қажетті қолдау көрсету және инвестормен бірлесіп Qarmet-ті дамытудың әрбір бағыты бойынша нақты іс-қимыл жоспарын әзірлеу туралы тапсырма берді.