https://sputnik.kz/20231208/arselormittal-temirtau-resmi-turde-qarmet-bolyp-ozgerdi--kompaniyany-kim-basqarady-40720622.html
"АрселорМиттал Теміртау" ресми түрде QARMET болып өзгерді – компанияны кім басқарады
"АрселорМиттал Теміртау" ресми түрде QARMET болып өзгерді – компанияны кім басқарады
Sputnik Қазақстан
"АрселорМиттал Теміртау" активтерін сатып алған кәсіпкер өндірісті жаңғыртуға және өңірдің экологиясын қорғауға тағы 3 млрд АҚШ долларын құюға міндетті 08.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-08T16:09+0500
2023-12-08T16:09+0500
2023-12-08T16:21+0500
арселормиттал теміртау
https://sputnik.kz/img/old/1079/81/10798134_0:540:5184:3456_1920x0_80_0_0_86188bf4d547567148eddcd49d0db8e1.jpg
АСТАНА, 8 желтоқсан – Sputnik. Бұрынғы "АрселорМиттал Теміртау" – қазіргі "Qarmet" компаниясын Вадим Басин басқарады, деп хабарлайды Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.Айта кетейік, "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының атауы ресми түрде " Qarmet " болып өзгерді.Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Теміртауда компания ұжымымен кездесуде Qazaqstan Steel Group акционері Андрей Лаврентьевті таныстырды.Қазақстанда және Қарағанды облысында танымал кәсіпкер "АрселорМиттал Теміртау" активтерін сатып алды.Қазақстандық кәсіпкер активтерді сатып алумен қатар, өндірісті жаңғыртуға және өңірдің экологиясын қорғауға тағы 3 млрд АҚШ долларын құюға міндетті, оның 1,3 млрд доллары алдағы жылы инвестицияланады.Кездесуде Андрей Лаврентьев Вадим Басинді QARMET компаниясының бас директоры ретінде таныстырды.Еске сала кетейік, бұған дейін өнеркәсіп және құрылыс министрі кәсіпорынды Андрей Лаврентьев сатып алғанын мәлімдеген болатын.
https://sputnik.kz/20231208/arselormittal-temirtauga-tarikhi-atauy-qaytaryluy-mumkin-40709765.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/1079/81/10798134_576:0:5184:3456_1920x0_80_0_0_6bcd4e60cd467e139532528829e2ee08.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
арселормиттал теміртау
"АрселорМиттал Теміртау" ресми түрде QARMET болып өзгерді – компанияны кім басқарады
16:09 08.12.2023 (жаңартылды: 16:21 08.12.2023) "АрселорМиттал Теміртау" активтерін сатып алған кәсіпкер өндірісті жаңғыртуға және өңірдің экологиясын қорғауға тағы 3 млрд АҚШ долларын құюға міндетті
АСТАНА, 8 желтоқсан – Sputnik. Бұрынғы "АрселорМиттал Теміртау" – қазіргі "Qarmet" компаниясын Вадим Басин басқарады, деп хабарлайды Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының атауы ресми түрде " Qarmet " болып өзгерді.
Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Теміртауда компания ұжымымен кездесуде Qazaqstan Steel Group акционері Андрей Лаврентьевті таныстырды.
Қазақстанда және Қарағанды облысында танымал кәсіпкер "АрселорМиттал Теміртау" активтерін сатып алды.
Қазақстандық кәсіпкер активтерді сатып алумен қатар, өндірісті жаңғыртуға және өңірдің экологиясын қорғауға тағы 3 млрд АҚШ долларын құюға міндетті, оның 1,3 млрд доллары алдағы жылы инвестицияланады.
"Әрине, жаңа басшының алдында маңызды міндеттер тұр. Бірінші кезекте еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қызметкерлерге жағдай жасап, әл-ауқатын арттыру қажет. Сондай-ақ әлеуметтік жобалар арқылы жергілікті қоғамдастықты дамытуға белсенді қатысып, көмек көрсету керек", – деді Ермағанбет Бөлекпаев.
Кездесуде Андрей Лаврентьев Вадим Басинді QARMET компаниясының бас директоры ретінде таныстырды.
Еске сала кетейік, бұған дейін өнеркәсіп және құрылыс министрі кәсіпорынды Андрей Лаврентьев сатып алғанын мәлімдеген болатын.