Екі күн ішінде автожолдарда 5 мыңнан астам адам құтқарылды

© Photo : МЧС КазахстанаАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.12.2023
Жазылу
Ауа райының қолайсыздығына байланысты құтқару жұмыстары қиындады
АЛМАТЫ, 15 желтоқсан – Sputnik. Екі тәулік ішінде еліміздің автожолдарында 5 мыңнан астам адам, оның ішінде 275 бала құтқарылды, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Бірқатар облыста республикалық және облыстық маңызы бар жолдар жабылды.
Өткен тәуліктің өзінде жолдарда 4 510 адам, оның ішінде 225 бала құтқарылды.
Авариялық-құтқару жұмыстарына ТЖМ, Қорғаныс министрлігі, полиция, Қазавтожол, шекара жасағының күштері мен құралдары жұмылдырылды.
"Бұдан басқа, Жамбыл облысына өзара іс-қимыл шеңберінде және Қырғыз Республикасына баратын 100-ге жуық автокөліктің жүріп-тұруына көмек көрсету үшін Қырғызстан ТЖМ күштері мен құралдары келді", - деп жазылған хабарламада.
Жамбыл облысының Жуалы және Қордай аудандарында 4096 адам, оның ішінде 181 бала, 39 шетел азаматы құтқарылды.
Тараз қаласынан Шымкентке қарай шығаберісте 400-ден астам автокөлік, Қордай асуында - 60 бірлік, Благовещенкада-340 бірлік көлік кептелісте тұр. Автожолдарды тазарту жұмыстары тәулік бойы жүргізілуде.
Түркістан облысында 357 адам, оның ішінде 40 бала құтқарылды.
Шымкент-Тараз бағыты бойынша Шұқырбұлақ елді мекенінің аумағында шамамен 400 бірлік техника, Шақпақ ауылының ауданында шамамен 230 бірлік техника кептелісте тұр. Олардың ішінде 1200-ге жуық адам бар. Азаматтар жылыту пункттеріне орналастырылған.
Жамбыл және Түркістан облыстары әкімдерінің шешімдерімен Қордай, Шу және Түлкібас аудандарында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды.
Жетісу облысында "Үшарал-Достық" автожолында қар құрсауынан 57 адам, оның ішінде 4 бала құтқарылды.
Алматы және Қарағанды облыстарында іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілді. Қолайсыз ауа райында мал жаюға және мал іздеуге шыққан үш адам аман-есен табылды.
ТЖМ дабылды ескерту кезеңінде алыс сапарларға шықпауға, алыс қашықтыққа жаяу жүруден бас тартуға кеңес береді.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.12.2023
Қырғызстан құтқарушыларын Қазақстанға көмекке жіберді
Жаңалықтар
0