Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Солтүстік Еуропа елдері Киевке көмек көрсетуді жалғастыруға уәде берді

© AFP 2024 / SERGEI SUPINSKYЦентральная площадь Киева
Центральная площадь Киева - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.12.2023
Жазылу
Хат Данияның премьер-министрі Метте Фредериксеннің, Норвегия премьер-министрі Йонас Гар Сторенің, Финляндия президенті Саули Ниинистёнің, Швеция премьер-министрі Ульф Кристерссонның және Исландия премьер-министрі Катрин Якобсдоттирдің атынан жазылған
АСТАНА, 13 желтоқсан – Sputnik. Дания, Норвегия, Финляндия, Швеция және Исландия Украинаға экономикалық және әскери қолдауды қоса алғанда, жан-жақты көмек көрсетуді жалғастырады. Бұл туралы Financial Times газетінде жарияланған Солтүстік Еуропа елдері басшыларының бірлескен хатында жазылған, деп хабарлады РИА Новости.
Хат Данияның премьер-министрі Метте Фредериксеннің, Норвегия премьер-министрі Йонас Гар Сторенің, Финляндия президенті Саули Ниинистёнің, Швеция премьер-министрі Ульф Кристерссонның және Исландия премьер-министрі Катрин Якобсдоттирдің атынан жазылған.
"Біз, Солтүстік Еуропа елдері, Украинаға жан-жақты көмек көрсетуді, оның ішінде экономикалық және әскери қолдау, бейбіт тұрғындарға бірінші кезектегі гуманитарлық көмек және украин қоғамын қалпына келтіруге көмектесу үшін қаржылық қолдау көрсетуді жалғастырамыз", - деп жазылған хатта.
Еске салсақ, бұған дейін Еуропалық заң шығарушы органдардың 100-ден астам жоғары лауазымды өкілі америкалық конгреске Украинаға әскери көмек көрсетуге қойылған тосқауылды алып тастауды сұрап хат жолдамақ болды. Олар мұны Украина президенті Владимир Зеленскийдің сейсенбіде АҚШ-қа сапары аясында жүзеге асыруды көздеген.
Жаңалықтар
0