https://sputnik.kz/20231212/euroodaq-okilderi-aqsh-tan-kievke-komek-korsetudi-zhalgastyrudy-surap-otyr-40860446.html
Еуроодақ өкілдері АҚШ-тан Киевке көмек көрсетуді жалғастыруды сұрап отыр
Еуроодақ өкілдері АҚШ-тан Киевке көмек көрсетуді жалғастыруды сұрап отыр
Sputnik Қазақстан
Владимир Зеленский конгресті Украинаға қосымша көмек көрсетуге келіспей отырғанын сынап, Вашингтоннан қару сұрады 12.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-12T20:28+0500
2023-12-12T20:28+0500
2023-12-12T20:28+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
украина
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/09/39184280_0:161:3070:1888_1920x0_80_0_0_c50b1b1c797f499496fc2dd62e14634f.jpg
АСТАНА, 12 желтоқсан – Sputnik. Еуропалық заң шығарушы органдардың 100-ден астам жоғары лауазымды өкілі америкалық конгреске Украинаға әскери көмек көрсетуге қойылған тосқауылды алып тастауды сұрап хат жолдамақ. Олар мұны Украина президенті Владимир Зеленскийдің сейсенбіде АҚШ-қа сапары аясында жүзеге асыруды көздеп отыр, деп жазды РИА Новости Рейтер агенттігіне сілтеме жасап.Агенттіктің хабарлауынша, хатқа Франция, Германия, Италия, Польша және Ирландияны қоса алғанда кем дегенде 17 елдің өкілі қол қойған. Бұл Еуропада Американың Киевке көмегіне қатысты алаңдаушылықтың артқанын көрсетеді. Атап айтқанда, үндеуге Бундестагтың халықаралық қатынастар жөніндегі комитетінің басшысы Михаэль Рот пен оның италиялық әріптесі Джулио Тремонти қол қойды. Бастаманы ел президенті Эммануэль Макронның партиясына тиесілі Франция Ұлттық жиын депутаты Бенжамен Хаддад басқарды.Айта кетері, Украина президенті Владимир Зеленский дүйсенбі күні Вашингтонға сапарын бастады. Ол Вашингтондағы әскери академияда сөйлеген сөзінде конгресті Украинаға қосымша көмек көрсетуге келіспей отырғанын сынап, Вашингтоннан қару сұрады. Сейсенбіде ол АҚШ президенті Джо Байденмен кездесіп, Ақ үйдің Украинаға әскери көмек ретінде қосымша 60 миллиард доллар бөлу мәселесі бойынша конгресс өкілдерімен кездеседі.
украина
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/09/39184280_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_10abe0b4b387bea2d4e6b13180469f87.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
украина
Еуроодақ өкілдері АҚШ-тан Киевке көмек көрсетуді жалғастыруды сұрап отыр
Владимир Зеленский конгресті Украинаға қосымша көмек көрсетуге келіспей отырғанын сынап, Вашингтоннан қару сұрады
АСТАНА, 12 желтоқсан – Sputnik. Еуропалық заң шығарушы органдардың 100-ден астам жоғары лауазымды өкілі америкалық конгреске Украинаға әскери көмек көрсетуге қойылған тосқауылды алып тастауды сұрап хат жолдамақ. Олар мұны Украина президенті Владимир Зеленскийдің сейсенбіде АҚШ-қа сапары аясында жүзеге асыруды көздеп отыр, деп
жазды РИА Новости Рейтер агенттігіне сілтеме жасап.
"Еуропаның жүзден астам жоғары лауазымды заң шығарушы өкілі сейсенбі күні АҚШ-тағы әріптестеріне бірлескен хат жолдап, конгрестен Украинаға одан әрі әскери көмек көрсетуге қойылған тосқауылды алып тастауды сұрайды", - деп жазылған агенттік хабарламасында.
Агенттіктің хабарлауынша, хатқа Франция, Германия, Италия, Польша және Ирландияны қоса алғанда кем дегенде 17 елдің өкілі қол қойған. Бұл Еуропада Американың Киевке көмегіне қатысты алаңдаушылықтың артқанын көрсетеді. Атап айтқанда, үндеуге Бундестагтың халықаралық қатынастар жөніндегі комитетінің басшысы Михаэль Рот пен оның италиялық әріптесі Джулио Тремонти қол қойды. Бастаманы ел президенті Эммануэль Макронның партиясына тиесілі Франция Ұлттық жиын депутаты Бенжамен Хаддад басқарды.
Айта кетері, Украина президенті Владимир Зеленский дүйсенбі күні Вашингтонға сапарын бастады. Ол Вашингтондағы әскери академияда сөйлеген сөзінде конгресті Украинаға қосымша көмек көрсетуге келіспей отырғанын сынап, Вашингтоннан қару сұрады. Сейсенбіде ол АҚШ президенті Джо Байденмен кездесіп, Ақ үйдің Украинаға әскери көмек ретінде қосымша 60 миллиард доллар бөлу мәселесі бойынша конгресс өкілдерімен кездеседі.