https://sputnik.kz/20231213/deklaratsiyany-tapsyrmagan-adamdar-qanday-zhazaga-tartylady-40895088.html
Декларацияны тапсырмаған адамдар қандай жазаға тартылады
Декларацияны тапсырмаған адамдар қандай жазаға тартылады
Sputnik Қазақстан
Декларацияны тапсырмағаны үшін алдымен ескерту жасалады, сосын 15 АЕК көлемінде айыппұл салынады 13.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-13T17:34+0500
2023-12-13T17:34+0500
2023-12-13T17:34+0500
әкімшілік айыппұл
салық
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/16/29619307_0:112:3242:1936_1920x0_80_0_0_9e0eb24628e7af07dc11c72fed1c47e7.jpg
АСТАНА, 13 желтоқсан – Sputnik. Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті табыс декларациясын тапсырмағаны үшін қандай жаза қарастырылғанын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Мемлекеттік кірістер комитетінің департамент директоры Нұржан Қуандықовтың айтуынша, декларацияны тапсырмағаны үшін алдымен ескерту жасалады. Ал осы заң бұзушылық бір жылдың ішінде қайталанса, 51 750 теңге (15 АЕК) көлемінде айыппұл салынады.Салық заңнамасына сәйкес, объектілерін жасырғаны үшін де айыппұл бар. Яғни төленбеген салық сомасының 200% мөлшерінде қаржы өндіріледі. Ал заң бұзушылық бір жылдың ішінде қайталанса, айыппұл 300% болады.Қазақстанда екі жыл бұрын жалпыға бірдей декларациялау басталды. Алдымен мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген адамдар, сондай-ақ олардың жұбайлары, одан кейін квазимемлекеттік сектордың қызметкерлері мен олардың жұбайлары табыс есебін тапсыруға міндеттелді. Ал келесі жылдан бастап заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары, жеке кәсіпкерлердің басшылары, сондай-ақ олардың жұбайлары, шамамен 3,9 миллион адам декларация тапсырады.Айта кетері, декларация адамның тұрғылықты жері бойынша 2024 жылдың 15 қыркүйегіне дейін тапсырылады. Сондай-ақ табыс есебін "Салық төлеушінің кабинеті", "Электронды үкімет" веб-порталдары, "e-salyqАzamat", Halyk, Банк Центркредит мобильді қосымшалары арқылы тапсыруға болады.Декларацияны қағазбен пошта арқылы тапсыруға да мүмкіндік бар.
https://sputnik.kz/20231213/qymbat-syylyqty-da-korsetu-kerek-deklaratsiya-tapsyru-tartibi-tusindirildi-40893098.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/16/29619307_256:0:2987:2048_1920x0_80_0_0_385ad6bd4d530e722655d624db80e8bc.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әкімшілік айыппұл, салық
Декларацияны тапсырмаған адамдар қандай жазаға тартылады
Декларацияны тапсырмағаны үшін алдымен ескерту жасалады, сосын 15 АЕК көлемінде айыппұл салынады
АСТАНА, 13 желтоқсан – Sputnik. Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті табыс декларациясын тапсырмағаны үшін қандай жаза қарастырылғанын түсіндірді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Мемлекеттік кірістер комитетінің департамент директоры Нұржан Қуандықовтың айтуынша, декларацияны тапсырмағаны үшін алдымен ескерту жасалады. Ал осы заң бұзушылық бір жылдың ішінде қайталанса, 51 750 теңге (15 АЕК) көлемінде айыппұл салынады.
"Декларацияда толық емес немесе анық емес мәліметтерді бірінші рет ұсынғаны үшін – ескерту, ал бір жыл ішінде қайталап бұзғаны үшін – 10 350 теңге (3 АЕК) көлемінде айыппұл салынады", - деді Қуандықов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Салық заңнамасына сәйкес, объектілерін жасырғаны үшін де айыппұл бар. Яғни төленбеген салық сомасының 200% мөлшерінде қаржы өндіріледі. Ал заң бұзушылық бір жылдың ішінде қайталанса, айыппұл 300% болады.
Қазақстанда екі жыл бұрын жалпыға бірдей декларациялау басталды. Алдымен мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген адамдар, сондай-ақ олардың жұбайлары, одан кейін квазимемлекеттік сектордың қызметкерлері мен олардың жұбайлары табыс есебін тапсыруға міндеттелді. Ал келесі жылдан бастап заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары, жеке кәсіпкерлердің басшылары, сондай-ақ олардың жұбайлары, шамамен 3,9 миллион адам декларация тапсырады.
Айта кетері, декларация адамның тұрғылықты жері бойынша 2024 жылдың 15 қыркүйегіне дейін тапсырылады. Сондай-ақ табыс есебін "Салық төлеушінің кабинеті", "Электронды үкімет" веб-порталдары, "e-salyqАzamat", Halyk, Банк Центркредит мобильді қосымшалары арқылы тапсыруға болады.
Декларацияны қағазбен пошта арқылы тапсыруға да мүмкіндік бар.