Жамаубаев зейнетақы қорынан алынатын ақша жайлы: алаңдаудың қажеті жоқ

© Sputnik / Тимур БатыршинБірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының логотипі
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының логотипі - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.12.2023
Жазылу
Қаржыландырылған жоба іске аспай қалған күннің өзінде мемлекет бәрібір зейнетақы жинағына кепілдік береді, деді министр
АСТАНА, 12 желтоқсан – Sputnik. Вице-премьер – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев зейнетақы қорынан ірі жобаларды қаржыландыруға жұмсалатын қаражатқа мемлекет кепілдік беретінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оның айтуынша, зейнетақы қорының ақшасы жұмсалмайды, инвестицияланады. Қазір 17 триллион теңгеден астам қаражат мемлекеттік бағалы қағаздарға, квазимемлекеттік сектордың құнды қағаздарына инвестицияланып жатыр. Шамамен отыз пайызы шетелде инвестицияланады.
"Үкіметтің Ұлттық банкпен және "Бәйтерек" холдингімен талқылап жатқан ұсынысы мынада: зейнетақы жинағының бір бөлігін ірі жобаларды қаржыландыруға бағыттау. Бұл жобалар экономикамызды дамытуға синергетикалық әсер береді, яғни бұл жобалардан жұмыс орындары ашылады, салық төленеді, олар өзін-өзі ақтайды. Біз бен сіздің жинағымыз бәрібір сақталады", - деді Жамаубаев үкіметте өткен брифингте.
Министр мемлекет зейнетақы жинағына кепілдік беретінін атап өтті.
"Тіпті форс мажор туындап немесе жоба іске аспай қалған күннің өзінде мемлекет бәрібір зейнетақы жинағына кепілдік береді. Сол себепті біз бұл ақшаға алаңдамауымыз керек. Қаражаттың міндеттерінің бірі – экономикаға инвестиция құю. БЖЗҚ ақшасы ұзақмерзімді жинақ болғандықтан, біз экономикадағы жақсы жобаларды несиелендіру үшін оны дұрыс қолдана білуіміз керек", - деді вице-премьер.
Бұған дейін үкімет Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан 1,5 трлн теңге алып, ірі жобаларға салуды жоспарлап отырғаны хабарланған болатын.
Зима в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.12.2023
Бала 18 жасқа толғаннан кейін Ұлттық қордан қанша ақша алады
Жаңалықтар
0