Денсаулық

Тәуелсіздік күні қарсаңында Батыс Қазақстанда дәрігерлік амбулатория ашылды

© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.12.2023
Жазылу
Дәрігерлік амбулатория ауылдың 22 тұрғынын жұмыспен қамтиды
АСТАНА, 12 желтоқсан – Sputnik. Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының Сарыөмір ауылында жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.
Медициналық мекеме "Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" пилоттық ұлттық жобасы аясында салынды. Ұлттық жоба аясында барлығы 50 медициналық объектінің құрылысы жоспарланған. Бүгінгі таңда тапсыруға жоспарланған 12 медициналық объектінің 5-еуі пайдалануға берілді.
"Дәрігерлік амбулатория күніне 35 адамға дейін қабылдай алады, заманауи медициналық жабдықтармен жабдықталған және ауылда 22 адамды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етеді", - делінген хабарламада.
Дәрігерлік амбулаторияға жалпы практика дәрігерінің кабинеттері, ем-шара, физиотерапиялық, стоматологиялық кабинеттер, акушер-гинеколог кабинеті, зертханалар, дәріхана, дені сау бала бөлмесі және тағы басқалар кіреді.
Министрліктің ақпаратынша, биыл денсаулық сақтау саласын қаржыландыруға 92 млрд теңге бөлінген, 5,5 млрд теңгеге 204 бірлік медициналық жабдық сатып алынды.
Бұдан бөлек, облыстық бюджет қаражаты есебінен 1,7 млрд теңгеге денсаулық сақтау жүйесі үшін 81 бірлік санитариялық автокөлік сатып алу жоспарланған, оның 50-ден астамы ұйымға жеткізілді.
Жедел жәрдем көлігі - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.12.2023
Денсаулық сақтау саласына бөлінетін қаржы 2,5 есе өсті
Жаңалықтар
0