Қазақстанда автогаздың шекті бағасы қайта бекітіледі

© Sputnik / Владислав ВодневЗаправочный шланг в бензобаке автомобиля
Заправочный шланг в бензобаке автомобиля  - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.12.2023
Жазылу
Автогаздың қазіргі шекті бағасы 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін жарамды
АСТАНА, 12 желтоқсан — Sputnik. Қазақстанда 1 қаңтардан бастап автогаздың шекті бөлшек саудадағы бағасы қайта бекітілмек. Энергетика министрлігі бұйрық жобасын әзірледі, деп хабарлайды Sputnik Қазпақстан.
Бұйрық жобасы "Ашық" НҚА порталында жарияланды. Құжат 2023 жылдың 19 желтоқсанына дейін қоғамдық талқылауда болады.
Құжатта көрсетілгендей, елімізде 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап автогаз бағасын өсіру жоспарланып отыр
Астанада – литрі 70 теңгеден 76 теңгеге дейін;
Алматыда – литрі 75 теңгеден 81 теңгеге дейін;
Шымкентте – литрі 60 теңгеден 64 теңгеге дейін;
Алматы облысы, Солтүстік Қазақстан облыстарында – тиісінше 75 теңгеден (шалғай елді мекендерде – 80 теңге) 81 және 86 теңгеге дейін;
Ақмола облысында – 70 теңгеден (шалғай аудандарда – 75 теңге) 76 және 81 теңгеге дейін;
Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облыстарында – 50 (55) теңгеден 54 (59) теңгеге дейін;
Шығыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарында – 70 (75) теңгеден 76 (81) теңгеге дейін;
Жамбыл облысында – 65 (70) теңгеден 71 (76) теңгеге дейін;
БҚО, Қызылорда, Түркістан облыстарында – 60 (65) теңгеден 64 (69) теңгеге;
Павлодар облысында – 70 (75) теңгеден 74 (79) теңгеге дейін көтеру жоспарлануда.
"Енгізілген өзгерістер қазіргі кезеңде сұйытылған мұнай газына бағаның өсуін білдірмейді. Айта кету керек, көтерме және бөлшек сауданың шекті бағалары сұйытылған мұнай газын өндіру құнын ескере отырып түзетілетін болады",- деп мәлімдеді энергетика министрлігі.
Бұған дейін энергетикаминистрлігі Қазақстандаавтогаз екіесе қымбаттайтынын, бірақ біртіндепөсетінін мәлімдегенеді. Ведомствоныңмәліметінше, қазірқазір сұйытылғангаздың бағасыөзіндік құннантөмен.
"Бағаның күрт қымбаттауына жолбермейміз, нарыққақатысушылар шығынғаұшырамас үшінсұйытылған мұнайгазының құнынең болмағандаөзіндік құнынадейін жеткіземіз", - деген болатынэнергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев.
Еске сала кетейік, автогаздың қазіргі шекті бағасы 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін жарамды. Осыған байланысты министрлік бұйрық жобасын "Ашық" НҚА порталында жариялау мерзімін 10 жұмыс күнінен 5 жұмыс күніне дейін қысқартуды ұсынып отыр.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.05.2023
1 шілдеден бастап автогаз бағасы 20 пайызға қымбаттайды
Жаңалықтар
0