1 шілдеден бастап автогаз бағасы 20 пайызға қымбаттайды

© Sputnik / Максим Богодвид / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.05.2023
Жазылу
АСТАНА, 16 мамыр – Sputnik. Осы жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда сұйытылған газ бағасы 20 пайызға қымбаттайды.
Энергетика министрлігі сұйытылған мұнай газының шекті бағасын бекіту туралы бұйрық жобасын дайындады.
Құжатқа сәйкес, сұйытылған мұнай газының шекті бағасы 2023 жылғы 1 шілдеден 2024 жылғы 30 маусымға дейін қосылған құн салығын (ҚҚС) қоспағанда тоннасына 40 320 теңгені құрайды. Қазір сұйытылған газдың бағасы – 33 600 теңге.
Бұйрық 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Еске салакетейік, сәуір айында энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев сұйытылған газдың бағасы өсетінін мәлімдеген болатын.
Газ құю станциясы, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.04.2023
Сұйытылған газ қымбаттайды – Энергетика министрлігі
Жаңалықтар
0