https://sputnik.kz/20230419/suyytylgan-gaz-qymbattaydy--energetika-ministrligi-34123257.html
Сұйытылған газ қымбаттайды – Энергетика министрлігі
Сұйытылған газ қымбаттайды – Энергетика министрлігі
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 19 сәуір – Sputnik. Жақын арада Қазақстанда сұйытылған мұнай газының бағасы көтеріледі, деп мәлімдеді энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев. 19.04.2023, Sputnik Қазақстан
2023-04-19T19:59+0500
2023-04-19T19:59+0500
2023-04-19T20:08+0500
газ
https://sputnik.kz/img/1254/38/12543825_0:158:3077:1889_1920x0_80_0_0_7ab5e340b5abd813d039ed77bec4b807.jpg
АСТАНА, 19 сәуір – Sputnik. Жақын арада Қазақстанда сұйытылған мұнай газының бағасы көтеріледі, деп мәлімдеді энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев."Қазақстанда оның өндірісі айтарлықтай шектелген. Ішкі нарықтағы қажеттілікті жыл сайын "Теңізшевройлға" жүгініп, экспорт көлемін жергілікті нарыққа қайта бағыттау арқылы жауып отырмыз. Егер бұрын бұл аз көлемде болса, қазір ондаған мың тонна ішкі тапшылықты жабуға кетеді", - деп түсіндірді Сәтқалиев үкімет кулуарында.Оның айтуынша, газдың бұл түрін жеткізуге байланысты басты проблема – сату бағасының төмендігі.Энергетика министрлігінің басшысы алдағы үш айдың ішінде газдың литрі 5-10 теңгеге қымбаттайтынын атап өтті."Бұл Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің құзыретіндегі мәселе. Бірақ бірінші өсім 5-10 теңге болады деп ойлаймын. Одан көп емес. Бірінші өсім жақын арада: бір, екі немесе үш айдан кейін болуы мүмкін", - деді ол.Министр сұйытылған газдың әділ бағасы қандай болуы керек деген сұраққа да жауап берді."Газдың өзіндік құны 70 теңгеден асатынын айттым, мұнда реттелетін кіріс нормасы болуға тиіс. Біз 15% норма саналатын халықаралық нарықтық кіріс нормасы туралы айтып отырған жоқпыз. Реттелетін секторға ең болмағанда 5% кіріс келтіруі керек, бұл инвестиция тартып, акционерлерді қандай да бір табыспен қамту үшін керек", - деп түйіндеді сөзін Сәтқалиев.
https://sputnik.kz/20230331/almatyda-prokuraturanyn-araluynan-keyin-gaz-bagasy-tomendetildi--33457395.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1254/38/12543825_237:0:2966:2047_1920x0_80_0_0_056dc4306cb7527388710f71164efb9d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
газ
АСТАНА, 19 сәуір – Sputnik. Жақын арада Қазақстанда сұйытылған мұнай газының бағасы көтеріледі, деп мәлімдеді энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев.
"Қазақстанда оның өндірісі айтарлықтай шектелген. Ішкі нарықтағы қажеттілікті жыл сайын "Теңізшевройлға" жүгініп, экспорт көлемін жергілікті нарыққа қайта бағыттау арқылы жауып отырмыз. Егер бұрын бұл аз көлемде болса, қазір ондаған мың тонна ішкі тапшылықты жабуға кетеді", - деп түсіндірді Сәтқалиев үкімет кулуарында.
Оның айтуынша, газдың бұл түрін жеткізуге байланысты басты проблема – сату бағасының төмендігі.
"Өзіндік құны 70 теңгеден жоғары болса да, қазір оның сату бағасы – 50 теңге. Яғни, компаниялар шығынмен жұмыс істеп жатыр. Салыстыру үшін айтсақ, Ресейде бұл тариф екі есе жоғары – шамамен 120 теңге, Тәжікстанда – 177 теңге. Ол жақта нарықтағы баға белгіленген", - деді министр.
Энергетика министрлігінің басшысы алдағы үш айдың ішінде газдың литрі 5-10 теңгеге қымбаттайтынын атап өтті.
"Бұл Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің құзыретіндегі мәселе. Бірақ бірінші өсім 5-10 теңге болады деп ойлаймын. Одан көп емес. Бірінші өсім жақын арада: бір, екі немесе үш айдан кейін болуы мүмкін", - деді ол.
Министр сұйытылған газдың әділ бағасы қандай болуы керек деген сұраққа да жауап берді.
"Газдың өзіндік құны 70 теңгеден асатынын айттым, мұнда реттелетін кіріс нормасы болуға тиіс. Біз 15% норма саналатын халықаралық нарықтық кіріс нормасы туралы айтып отырған жоқпыз. Реттелетін секторға ең болмағанда 5% кіріс келтіруі керек, бұл инвестиция тартып, акционерлерді қандай да бір табыспен қамту үшін керек", - деп түйіндеді сөзін Сәтқалиев.