Алматыда прокуратураның араласуынан кейін газ бағасы төмендетілді
© Photo : Пресс-служба акима Карагандинской области Газ тарату станциясы
Жазылу
АСТАНА, 31 наурыз – Sputnik. Алматы қаласының прокуратурасы "APL Construction" ЖШС-де бекітілген тарифтік сметаның бұзылуын анықтады.
Ведомсто мәліметінше, сондай-ақ газбен жабдықтау желілеріне қосылу кезінде үстем жағдайды теріс пайдалану деректері тіркелген.
"Қала прокуратурасының қадағалау актісі бойынша тариф 1 мың м3 үшін 6 362,77 теңгеден 5 999,08 теңгеге дейін төмендетілді (5,7% - ға), 184 млн. теңге сомасына өтемдік тариф енгізілді, сондай-ақ монополист әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 159-бабы 3-1 және 164-бөлігі 4-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылды және 78 млн.теңге айыппұл өндірілді", - делінген хабарламада.
Қабылданған шаралар арқылы Еңбекшіқазақ және Панфилов аудандарының 11 мың тұтынушыларының құқықтары қорғалды, олардың 300-ден астамы кәсіпкерлер.