Білім

Магистратураға түсу үшін грант конкурсына құжат қабылдау басталды

© Sputnik / Сергей Пятаков / Медиабанкке өтуАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.12.2023
Жазылу
Грант иегерлерінің тізімі 21 желтоқсаннан кейін жарияланады
АСТАНА, 12 желтоқсан – Sputnik. Магистратураға түсу үшін грант конкурсына құжат қабылдау басталды. Құжаттар 19 желтоқсанға дейін қабылданады, деп хабарлайды ғылым және жоғары білім министрлігі.
"Магистратураға түсу үшін грант конкурсына құжаттарды қабылдау 12-19 желтоқсан аралығында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары арқылы жүзеге асырылады. Ал грант иегерлерінің тізімі 21 желтоқсаннан кейін жарияланады", - делінген хабарламада.
Грант конкурсына қатысу үшін үміткерлер мына құжаттарды тапсыруы қажет:
жеке куәліктің көшірмесі;
жоғары білімі туралы құжат (диплом және қосымшасы);
КТ сертификаты;
халықаралық сертификаттар (бар болса).
Магистратураға түсушілер 3,8 мың мемлекеттік білім грантына үміткер бола алады. Оның ішінде "Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары" даярлау бағытына 1758 грант, Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистикаға" 569 грант, "Педагогикалық ғылымдарға" 469 грант, "Ауыл шаруашылығы және биоресурстарға" 461 грант бөлінген.
Болашақ магистранттарды жоғары оқу орындарына қабылдау 2023 жылғы 26 желтоқсан мен 2024 жылғы 10 қаңтар аралығында жүргізіледі.
Саясат Нұрбек  - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.02.2023
Қазақстанда магистратура грантының құны өседі
Жаңалықтар
0