Қазақстанда магистратура грантының құны өседі

© Sputnik / Владислав ВодневСаясат Нұрбек
Саясат Нұрбек  - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.02.2023
Жазылу
Министрдің айтуынша, грант құны төмен болғандықтан, университеттер магистрлар мен докторанттарды даярлауға ынталы емес
АСТАНА, 14 ақпан – Sputnik. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек биылдан бастап магистратура мен докторантура гранттарының құны өсетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Министрдің айтуынша, елдегі жоғары оқу орындарының көбі әлі зерттеу форматына көшпеген. Оның бірнеше себебі бар. Біріншісі – жоғары оқу орындары ректорларының магистрлар мен PhD-докторанттарды даярлауға қатты мотивациясы жоқ.
"Неге десеңіз, магистр грантының құны – 380 мың теңге. Ал бакалавриат грантының құны – 1 млн теңгеге жуық. Сонда ректор былай ойлайды: мен қазір бакалаврды қабылдасам, ол маған төрт жылда 4 млн теңге әкеледі. Ал магистрды қабылдасам, ол екі жылда маған бір миллион әкелмейді. Сондықтан біз осы жылдан бастап магистратура, докторантура гранттарының құнын өсіреміз", - деді Нұрбек үкімет кулуарында.
Ол магистратура грантының құны кемінде бакалавриатпен теңесу керек екенін атап өтті.
"Осы үш жылдың ішінде олар 1,5-2 млн теңге көлемінде болады", - деді министр.
Жаңалықтар
0