https://sputnik.kz/20231212/eki-oblysta-balabaqshalarga-kokonis-eki-ese-qymbat-bagaga-zhetkizilip-kelgen-40823675.html
Екі облыста балабақшаларға көкөніс екі есе қымбат бағаға жеткізіліп келген
Екі облыста балабақшаларға көкөніс екі есе қымбат бағаға жеткізіліп келген
Sputnik Қазақстан
Картоптың бір келісі 141 теңге емес, 250 теңгеге сатылған 12.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-12T09:50+0500
2023-12-12T09:50+0500
2023-12-12T09:50+0500
қоғам
көкөністер
балабақша
https://sputnik.kz/img/07e6/09/1a/27945957_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_3dadcd9d95fe50d29abb4179309852b7.jpg
АСТАНА, 12 желтоқсан – Sputnik. Қаржылық мониторинг агенттігі Шығыс Қазақстан мен Солтүстік Қазақстан облыстарында әлеуметтік мекемелерге көкөніс жоғары бағамен жеткізілгенін анықтады.Мәселен, ШҚО-да Ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдау орталығына 1 келі сәбіз 325 теңгеден, ал қырыққабат 380 теңгеден жеткізілген. Агенттіктің өңірлік департаменті араласқаннан кейін жеткізу тізбегінен делдал алынып тасталды, ал көкөніс бағасы 2 есеге төмендетілді (сәбіз 120 теңгеге дейін, қырыққабат 180 теңгеге дейін).Сондай-ақ СҚО-да жеке кәсіпкер 50 млн теңгеден астам сомаға аудандық балабақшаларға көкөніс сату бизнесін ұйымдастырған. Картоптың бір келісі 250 теңгеден жеткізілген, алайда оның сауда нүктелеріне сату бағасы 43%-ке арзан болған (141 теңгеден).Бұл келесі жылы Солтүстік Қазақстанда азық-түлік сатып алуда шамамен 22 млн теңгені үнемдеуге мүмкіндік береді.Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның көтерілуіне жол бермеу бойынша алдын алу шаралары аясында алдағы жылға арналған шарттар қайта қаралды.Агенттік әлеуметтік азық-түлікті жеткізу кезінде сауда үстемесі сатып алу бағасының 15%-інен аспауы керек екенін еске салды.
https://sputnik.kz/20231202/kelesi-zhyly-25-mynnan-astam-balabaqsha-men-mektep-tekseriledi-40576787.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/09/1a/27945957_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_5732372330525e382a2c5f66796badfe.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
көкөністер, балабақша
Екі облыста балабақшаларға көкөніс екі есе қымбат бағаға жеткізіліп келген
Картоптың бір келісі 141 теңге емес, 250 теңгеге сатылған
АСТАНА, 12 желтоқсан – Sputnik. Қаржылық мониторинг агенттігі Шығыс Қазақстан мен Солтүстік Қазақстан облыстарында әлеуметтік мекемелерге көкөніс жоғары бағамен жеткізілгенін анықтады.
Мәселен, ШҚО-да Ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдау орталығына 1 келі сәбіз 325 теңгеден, ал қырыққабат 380 теңгеден жеткізілген. Агенттіктің өңірлік департаменті араласқаннан кейін жеткізу тізбегінен делдал алынып тасталды, ал көкөніс бағасы 2 есеге төмендетілді (сәбіз 120 теңгеге дейін, қырыққабат 180 теңгеге дейін).
Сондай-ақ СҚО-да жеке кәсіпкер 50 млн теңгеден астам сомаға аудандық балабақшаларға көкөніс сату бизнесін ұйымдастырған. Картоптың бір келісі 250 теңгеден жеткізілген, алайда оның сауда нүктелеріне сату бағасы 43%-ке арзан болған (141 теңгеден).
Бұл келесі жылы Солтүстік Қазақстанда азық-түлік сатып алуда шамамен 22 млн теңгені үнемдеуге мүмкіндік береді.
Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның көтерілуіне жол бермеу бойынша алдын алу шаралары аясында алдағы жылға арналған шарттар қайта қаралды.
Агенттік әлеуметтік азық-түлікті жеткізу кезінде сауда үстемесі сатып алу бағасының 15%-інен аспауы керек екенін еске салды.