Білім

Келесі жылы 2,5 мыңнан астам балабақша мен мектеп тексеріледі

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.12.2023
Жазылу
2692 ұйымда білім беру қызметтерін көрсету сапасы тексеріледі
АСТАНА, 2 желтоқсан – Sputnik. Оқу-ағарту министрлігі білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті 2024 жылы 2 692 білім беру ұйымында профилактикалық бақылау жүргізеді, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
Егер бұрын білім беру ұйымдарының тізімін мемлекеттік органдар қағаз түрінде қалыптастырып келсе, биыл алғаш рет автоматтандырылған іріктеу жүйесі қолданылды.
Осылайша, автоматты іріктеу кезінде "тәуекел" аймағына 2 692 білім беру ұйымы кірді: 1 446 балабақша, 1 149 мектеп және 97 колледж бару арқылы профилактикалық бақылауға жатады.
Тәуекел аймағындағы білім нысандарын анықтаудың автоматтандырылған жүйесі басқа да ақпараттық жүйелермен (NOBD, e-license, NTC деректер базасы) интеграцияланған. Іріктеудің өзі белгілі бір критерийлер бойынша жүзеге асырылады: педагогтердің сапалық құрамы, материалдық-техникалық база, мемлекеттік білім беру стандарттары, қызметтің үлгілік қағидалары және тағы басқа.
"Профилактикалық бақылауға жататын ұйымдар тізімін қалыптастыру тәртібін автоматтандыру тексерістерді жоспарлау кезінде адами факторды болдырмауға мүмкіндік береді. Бұл жерде білім беру ұйымдары туралы ақпараттың негізгі көзі саналатын Ұлттық білім беру деректер қорының шешуші рөлін атап өту қажет. Бұл шара сонымен қатар білім ұйымдарының базаға деректерді уақтылы және объективті толтырудағы жауапкершілігін арттырады",- деді білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Ернұр Дәуенов.
Айта кетері, жұмысты бірнеше министрліктің өкілдерінен құралған ведомствоаралық топ жүргізді. Білім беру ұйымдарының тізімі 2023 жылғы 25 желтоқсанға дейін білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің және Бас прокуратураның ресми сайттарында жарияланады.
Школа Токаева в Саксаульске  - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.11.2023
Жамбыл облысында екі жыл бұрын салынған мектеп қаңырап бос тұр
Жаңалықтар
0