Жамбыл облысында екі жыл бұрын салынған мектеп қаңырап бос тұр

© Photo : Пресс-служба управления образования Кызылординской области"Школа Токаева" в Саксаульске
Школа Токаева в Саксаульске  - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.11.2023
Жазылу
АСТАНА, 30 қараша – Sputnik. Жамбыл облысы Қалғұтты ауылында екі жыл бұрын салынған мектеп қаңырап тұр. Себебі нысанның құжаты жоқ, деп жазды Хабар 24.
Ал елді мекеннің 200 оқушысы көрші ауылға қатынап оқуға мәжбүр. Облыстық білім сапасын бақылау департаментінің мамандары мектептің материалдық базасы толық емес дейді. Төрт жүзге жуық кемшілік анықталған. Білім ордасында шеберхана мен акт залы қарастырылмаған.
Әрі парта, интерактивті тақта мен компьютер жетіспейді. Департамент аудан билігін екі рет сотқа берген. Енді жергілікті білім бөлімі мектептің құжаттарын қайтадан жинақтап жатыр. Тиісті талаптар орындалса, ғана нысан пайдалануға рұқсат беріледі.
Облыстық білім сапасын бақылау департаментінің басшысы Дәмеш Үскімбаева айтуынша, айыппұл салынды.
"Содан кейін ғана құжаттарды салу қимылы басталды. Құжаттарды бізге екі рет салды. Түгел болмағаннан кейін біз оның барлығын қайтардық. Қазір олар бізге үшінші рет құжаттарды салды. Оқулықтар әлі түгел емес. Кадр мәселесі аяғына дейін шешілмеген", - дейді ол.
Жаңалықтар
0