https://sputnik.kz/20231211/qazaqstan-qyzylsha-kop-taragan-ush-eldin-qataryna-endi-40816507.html
Қазақстан қызылша көп тараған үш елдің қатарына енді
Қазақстан қызылша көп тараған үш елдің қатарына енді
Sputnik Қазақстан
АҚШ-тың қауіпті ауру түрлерін алдын алумен айналысатын медициналық орталығы биылғы жылдың мамыр айы мен қазан айлары аралығында зерттеу жүргізген 11.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-11T20:11+0500
2023-12-11T20:11+0500
2023-12-11T20:11+0500
қызылша
https://sputnik.kz/img/226/11/2261195_0:28:3072:1756_1920x0_80_0_0_5009e88dc3f978931e6db147cc3ec44b.jpg
АСТАНА, 11 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан қызылша ауруын тыя алмай отырған елдердің тізімінде үшінші орында тұр. Бірінші орыннан Иемен, екінші орыннан Үндістан көрінді. Үшеуі де дамушы ел, деп хабарлады Хабар 24.АҚШ-тың қауіпті ауру түрлерін бақылайтын және алдын алумен айналысатын зерттеу орталығы келтірген мәліметтер рас болса, Қазақстанда 13 мыңға жуық адам қызылша жұқтырған. Ал Иеменде 25 мыңнан астам адам дертке шалдыққан. Бұл оңтүстік Батыс Азия елінде шамамен 25 миллон адам тұрады. Ал Үндістанда 15 мың адам індет жұқтырған. Бірақ мұнда халықтың саны бізбен және Иеменмен салыстырғанда анағұрлым көп екенін ескеру керек.Антирейтингке енген елдердердің тізіміне одан әрі зер салсақ, аутсайдерлер қатарында Эфиопия, Пәкістан, Конго Демократиялық Республикасы, Ресей, Ирак, Индонезия және Нигерия елдері бар.Бірақ бұл зерттеу орталығы келтірген мәліметтер биылғы жылдың мамыр айы мен қазан айлары аралығын ғана қамтыған.Бұған дейін еліміздің денсаулық сақтау министрі індеттің таралуы күшейген кезде күніне 250, кейде тіпті 350 адам қызылша жұқтыруы мүмкін деген болжам айтқан еді.Ал ғалымдар алдын алу шараларын қолға алмаған, сақтанбаған әрбір он адамның 9-ы міндетті түрде дертті жұқтыруы мүмкін екенін айтады.Қазірдің өзінде ел бойынша науқастар саны 22 мыңнан асты.Қызылша көп таралған 10 ел
https://sputnik.kz/20231205/qyzylsha-boyynsha-epidemiologiyalyq-zhagday-ushygyp-turgan-zhoq--ministr-40628741.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/226/11/2261195_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_0e01d66b04b5a18e38599768218d2aff.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қызылша
Қазақстан қызылша көп тараған үш елдің қатарына енді
АҚШ-тың қауіпті ауру түрлерін алдын алумен айналысатын медициналық орталығы биылғы жылдың мамыр айы мен қазан айлары аралығында зерттеу жүргізген
АСТАНА, 11 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан қызылша ауруын тыя алмай отырған елдердің тізімінде үшінші орында тұр. Бірінші орыннан Иемен, екінші орыннан Үндістан көрінді. Үшеуі де дамушы ел, деп хабарлады
Хабар 24. АҚШ-тың қауіпті ауру түрлерін бақылайтын және алдын алумен айналысатын зерттеу орталығы келтірген мәліметтер рас болса, Қазақстанда 13 мыңға жуық адам қызылша жұқтырған. Ал Иеменде 25 мыңнан астам адам дертке шалдыққан. Бұл оңтүстік Батыс Азия елінде шамамен 25 миллон адам тұрады. Ал Үндістанда 15 мың адам індет жұқтырған. Бірақ мұнда халықтың саны бізбен және Иеменмен салыстырғанда анағұрлым көп екенін ескеру керек.
Антирейтингке енген елдердердің тізіміне одан әрі зер салсақ, аутсайдерлер қатарында Эфиопия, Пәкістан, Конго Демократиялық Республикасы, Ресей, Ирак, Индонезия және Нигерия елдері бар.
Бірақ бұл зерттеу орталығы келтірген мәліметтер биылғы жылдың мамыр айы мен қазан айлары аралығын ғана қамтыған.
Бұған дейін еліміздің денсаулық сақтау министрі індеттің таралуы күшейген кезде күніне 250, кейде тіпті 350 адам қызылша жұқтыруы мүмкін деген болжам айтқан еді.
Ал ғалымдар алдын алу шараларын қолға алмаған, сақтанбаған әрбір он адамның 9-ы міндетті түрде дертті жұқтыруы мүмкін екенін айтады.
Қазірдің өзінде ел бойынша науқастар саны 22 мыңнан асты.
Қызылша көп таралған 10 ел
6.
Конго Демократиялық Республикасы – 5 989,