https://sputnik.kz/20231205/qyzylsha-boyynsha-epidemiologiyalyq-zhagday-ushygyp-turgan-zhoq--ministr-40628741.html
Қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай ушығып тұрған жоқ – министр
Қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай ушығып тұрған жоқ – министр
Sputnik Қазақстан
Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан білім беру ұйымдарында карантин жариялау туралы шешім қабылданған жоқ 05.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-05T11:41+0500
2023-12-05T11:41+0500
2023-12-05T11:41+0500
қызылша
студенттер
оқушы
https://sputnik.kz/img/745/46/7454627_0:317:6017:3701_1920x0_80_0_0_1345f506cf6b1ecd83d755852acda489.jpg
АСТАНА, 5 желтоқсан – Sputnik. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев пен ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мектептер мен университеттерде қызылша ауруы бойынша эпидемиологиялық ахуал қандай екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Саясат Нұрбектің айтуынша, жоғары оқу орындарында қызылша ауруы бойынша жағдай тұрақты.Ол жіті респираторлық вирустық инфекция өршіп тұрғанын, бірақ қызылша жұқтырған студенттер саны өте аз екенін атап өтті.Сондай-ақ оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев та мектептердегі эпидахуалға түсініктеме берді."Әкімдіктермен және оқу-ағарту министрлігімен тұрақты мониторинг жүргізіліп жатыр. Әзірге денсаулық сақтау министрлігі тарапынан бұл бағытта белгілі бір шешім жоқ. Біз олармен тұрақты байланыстамыз", - деді Бейсембаев.Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан білім беру ұйымдарында карантин жариялау туралы шешім қабылданбаған.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/745/46/7454627_330:0:5685:4016_1920x0_80_0_0_d970f06bb7828db72a07c1df293fe334.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қызылша, студенттер, оқушы
қызылша, студенттер, оқушы
Қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай ушығып тұрған жоқ – министр
Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан білім беру ұйымдарында карантин жариялау туралы шешім қабылданған жоқ
АСТАНА, 5 желтоқсан – Sputnik. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев пен ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мектептер мен университеттерде қызылша ауруы бойынша эпидемиологиялық ахуал қандай екенін айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Саясат Нұрбектің айтуынша, жоғары оқу орындарында қызылша ауруы бойынша жағдай тұрақты.
"Қазіргі таңда жоғары оқу орындарының 8 мыңға тарта студенті медициналық көмекке жүгінді. Соның ішінде 200-300 адам ғана қызылша жұқтырды деген күмәнмен барған. Сол себепті күрделі эпидемиологиялық ахуал жоқ. Біз денсаулық сақтау министрлігімен, бас санитарлық дәрігермен тығыз байланыстамыз", - деді ғылым және жоғары білім министрі үкіметте өткен брифингте.
Ол жіті респираторлық вирустық инфекция өршіп тұрғанын, бірақ қызылша жұқтырған студенттер саны өте аз екенін атап өтті.
Сондай-ақ оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев та мектептердегі эпидахуалға түсініктеме берді.
"Әкімдіктермен және оқу-ағарту министрлігімен тұрақты мониторинг жүргізіліп жатыр. Әзірге денсаулық сақтау министрлігі тарапынан бұл бағытта белгілі бір шешім жоқ. Біз олармен тұрақты байланыстамыз", - деді Бейсембаев.
Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан білім беру ұйымдарында карантин жариялау туралы шешім қабылданбаған.