https://sputnik.kz/20231209/shakhtadagy-tragediya-7-adam-qamauga-alyndy-40756600.html
Шахтадағы трагедия: 7 адам қамауға алынды
Шахтадағы трагедия: 7 адам қамауға алынды
Sputnik Қазақстан
Қайғылы оқиғаға шахтаны пайдалану кезінде еңбекті қорғау ережелерінің бұзылуы себеп болғаны анықталды 09.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-09T17:11+0500
2023-12-09T17:11+0500
2023-12-09T17:11+0500
арселормиттал теміртау
https://sputnik.kz/img/242/30/2423003_0:28:1156:678_1920x0_80_0_0_79f1b76489cf6b266a278fc616b5e62a.jpg
АСТАНА, 9 желтоқсан – Sputnik. Қараған облысы Костенко атындағы шахтадағы апатқа кінәлі деген күдікпен қамауға алынды, деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.Тергеу барысында қайғылы оқиғаға шахтаны пайдалану кезінде өндірістік және өрт қауіпсіздігі, сондай-ақ еңбекті қорғау ережелерінің бұзылуы себеп болғаны анықталды.Қылмыстық процестік кодекстің 128-бабына сәйкес күдіктілер Қарағанды облысындағы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.Тергеу аясында "Арселор Миттал Теміртау" АҚ мен Төтенше жағдайлар министрлігі Қарағанды облысы бойынша Өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментінің шахтаның қауіпсіз жұмыс істеуіне бақылау жасамаған қызметкерлеріне де құқықтық баға беріледі.Тергеу жалғасуда және ерекше бақылауда.Еске сала кетейік, 2023 жылдың 28 қазанында "Арселор Миттал Теміртау" АҚ-ның Костенко атындағы көмір шахталарында бірқатар жарылыс болып, салдарынан 46 адам қаза тауып, 28 кенші жарақат алған.Оқиғаның себебін тексеру жөніндегі үкімет комиссиясы трагедияға 100% жұмыс беруші кінәлі деген қорытынды шығарды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/242/30/2423003_0:0:1024:768_1920x0_80_0_0_b2ff6d93b37db7b8c9f74af443ab1065.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
арселормиттал теміртау
Шахтадағы трагедия: 7 адам қамауға алынды
Қайғылы оқиғаға шахтаны пайдалану кезінде еңбекті қорғау ережелерінің бұзылуы себеп болғаны анықталды
АСТАНА, 9 желтоқсан – Sputnik. Қараған облысы Костенко атындағы шахтадағы апатқа кінәлі деген күдікпен қамауға алынды, деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.
Тергеу барысында қайғылы оқиғаға шахтаны пайдалану кезінде өндірістік және өрт қауіпсіздігі, сондай-ақ еңбекті қорғау ережелерінің бұзылуы себеп болғаны анықталды.
"Қазіргі уақытта көмір өндіру кезінде қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етпеді деген күдікпен Қылмыстық кодекстің 277-бабының 3-бөлігі (Тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу) бойынша қылмыстық жауапкершілікке 7 адамнан тұратын шахтаның басшылығы мен инженерлік-техникалық құрамы тартылуда", - делінген хабарламада.
Қылмыстық процестік кодекстің 128-бабына сәйкес күдіктілер Қарағанды облысындағы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Тергеу аясында "Арселор Миттал Теміртау" АҚ мен Төтенше жағдайлар министрлігі Қарағанды облысы бойынша Өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментінің шахтаның қауіпсіз жұмыс істеуіне бақылау жасамаған қызметкерлеріне де құқықтық баға беріледі.
Тергеу жалғасуда және ерекше бақылауда.
Еске сала кетейік, 2023 жылдың 28 қазанында "Арселор Миттал Теміртау" АҚ-ның Костенко атындағы көмір шахталарында бірқатар жарылыс болып, салдарынан 46 адам қаза тауып, 28 кенші жарақат алған.
Оқиғаның себебін тексеру жөніндегі үкімет комиссиясы
трагедияға 100% жұмыс беруші кінәлі деген қорытынды шығарды.