Костенко шахтасындағы трагедияға 100% жұмыс беруші кінәлі – тергеу қорытындысы

© Photo : Пресс-служба акима Карагандинской области Костенко атындағы шахта
Костенко атындағы шахта - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.12.2023
Жазылу
Тергеу материалдары құқық қорғау органдарына берілді
АСТАНА, 9 желтоқсан – Sputnik. Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтадағы трагедияның себебін тексеру жөніндегі үкімет комиссиясы жұмысын қорытындылады, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.
Қазақстанның, қиыр және таяу шетелдердің ғылыми-зерттеу және сараптамалық ұйымдарын тарта отырып, техникалық құжаттаманы, айғақтарды және басқа материалдарды зерделеу бойынша егжей-тегжейлі жұмыстар жүргізілді.
"Нәтижесінде өрт шығып, метан-ауа қоспасының жарылуына қырғыш конвейер элементтерінің соққысы мен үйкелісінен пайда болған механикалық ұшқыннан газдың (метанның) тұтануы себеп болғаны анықталды. Газдың өзі астыңғы төсемеден бөлінген", - деп жазылған хабарламада.
Комиссия өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының да бұзылғанын анықтады.
Атап айтқанда, жұмыс толыққанды ұйымдастырылмаған, қауіпті өндірістік факторларға қажетті өндірістік бақылау жасалмаған.
"Комиссия жұмысының қорытындысы бойынша жұмыс берушінің кінәсі 100% анықталып, жұмысты қауіпсіз орындау талаптарын бұзған 19 жауапты тұлға анықталды", - деп мәлімдеді комиссия өкілдері.
Еңбек заңнамасына сәйкес тергеу материалдары құқық қорғау органдарына берілді.
Димаш Кудайберген - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.11.2023
Костенко шахтасындағы апат: Димаш 20 отбасына ақша аударды
Жаңалықтар
0