Өңірлер

Атырауда қылмыстық топ кәсіпкерлерден ақша бопсалаған

© Photo : Pexels / Tima MiroshnichenkoНаручники
Наручники  - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.12.2023
Жазылу
Деструктивті діни ағым өкілдерінен құралған топ наурыз айынан бері жәбірленушілерді бопсалап, әрқайсысынан 5 млн теңгеге жуық қаржы иемденбек болған
АСТАНА, 7 желтоқсан — Sputnik. Атырауда кәсіпкерлерден 2,6 млн теңге алу кезінде қылмыстық топ ұсталды. Күдіктілердің деструктивті діни ағым өкілдері екені анықталды, деп хабарлайды полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Күдіктілер ұсталды.
"Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жеке кәсіпкерлерден 10 млн теңге бопсалаған қылмыстық топтың заңсыз әрекетін әшкереледі. Полицейлер жәбірленушілерден 2 млн 600 мың теңге алу үшін кездесу ұйымдастырған қылмыстық топтың 4 мүшесін ұстады. Деструктивті діни ағым өкілдерінен құралған топ наурыз айынан бері жәбірленушілерді бопсалап, әрқайсысынан 5 млн теңгеге жуық қаржы иемденбек болған", – деп хабарлады ведомстводан.
Қазір күдіктілердің басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Оларға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабының 3-бөлігі 2-тармағымен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жарияланбады.
Момент проведения ареста  - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.11.2023
Өңірлер
Бопсалау, қару мен ұрлық: Павлодар облысында қылмыстық топ ұсталды
Жаңалықтар
0