Өңірлер

Бопсалау, қару мен ұрлық: Павлодар облысында қылмыстық топ ұсталды

© Photo : Polisia.kzМомент проведения ареста
Момент проведения ареста  - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.11.2023
Жазылу
Қылмыстық топтың жеті мүшесінің үшеуі уақытша ұстау изоляторына қамалды
АСТАНА, 29 қараша – Sputnik. Павлодар облысында бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz
Қылмыстық топ құрамына 25-35 жастағы жігіттер кірген. Қазіргі уақытта олардың бопсалаудың бес фактісіне қатысы бары анықталды.
"Сонымен қатар топ мүшелерінің Павлодар облысының аумағында қару қолданып, бұзақылық жасауға және пәтер ұрлығына қатысы бар-жоғы да тексеріліп жатыр", - дейді полицейлер.
Ал тінту кезінде атыс және травматикалық бес қару, қолдан жасалған кастеттер, биталар мен пышақтар, сондай-ақ РГД-5 гранатасы тәркіленді. Қылмыстық топтың жеті мүшесі ұсталды, оның ең белсенді үш мүшесі уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша тергеу басталды.
Жаңалықтар
0