Экономика

Еліміздің ірі қалаларында бонд қоймаларын орналастыру жоспарланып отыр

© © Фото / пресс-служба правительства/ Алишер АлиевАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.12.2023
Жазылу
Бонд қоймалары импортталған тауарды салық төлемей, ұзақ уақыт сақтауға мүмкіндік береді
АСТАНА, 5 желтоқсан – Sputnik. Көлік министрлігі Қазақстанның ірі қалаларында бонд қоймаларын орналастыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Көлік вице-министрі Сәтжан Әблалиевтің айтуынша, теңіз арқылы жеткізілетін жүктердің бір бөлігін автокөлікке аудару және оны тасуда отандық операторлардың үлесін ұлғайту үшін бонд қоймаларын ұйымдастыру жоспарланып отыр.
"Бонд қоймалары басқа қоймаларға қарағанда бірқатар артықшылыққа ие. Оларда импорттық тауарды кедендік рәсімдерсіз, салық төлемей, сұрыптап топтап ұзақ уақыт сақтауға болады. Ozon және Wildberries сияқты халықаралық маркетплейстердің қызығушылығын ескере келе, осы қоймаларды еліміздегі ірі қалаларда орналастыруды орынды деп есептейміз", - деді вице-министр үкімет отырысында.
Ол бонд қоймаларын дамыту үшін олардың қызметін заңнамалық деңгейде нақты реттеу қажет екенін атап өтті. Министрлік бұл жұмыстарды мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп іске асырмақ.
Сонымен қатар өткізу бекеттерінің қабілеті мен отандық көлік паркін ұлғайту, рұқсат бланкілерін бөлудің тиімді жүйесін енгізу жоспарда бар.
Жүк көлігі - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.12.2023
Қазақстан Қытайдан Еуропаға транзиттік жүк тасымалын ұлғайтуды көздеп отыр
Жаңалықтар
0