https://sputnik.kz/20231205/barine-mugalim-kinali-degen-pikir-mamandyqqa-qyzygushylyqty-tomendetip-zhiberdi--premer-40632012.html
"Бәріне мұғалім кінәлі" деген пікір мамандыққа қызығушылықты төмендетіп жіберді – премьер
"Бәріне мұғалім кінәлі" деген пікір мамандыққа қызығушылықты төмендетіп жіберді – премьер
Sputnik Қазақстан
Премьер-министрдің айтуынша, қазір колледждерде бес мың мұғалім жетіспейді 05.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-05T13:26+0500
2023-12-05T13:26+0500
2023-12-05T13:26+0500
мұғалім
https://sputnik.kz/img/07e7/0c/05/40622063_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_c2c2ced79b11f244a7378ccca4f10507.jpg
АСТАНА, 5 желтоқсан – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов елде мұғалімдер тапшылығына не себеп болғанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Айтуынша, қазір колледждерде мұғалімдер тапшы. Шамамен 5 мың педагог жетіспейді. Жыл сайын 50 мыңға жуық жас маман университет бітірсе де, көпшілігі өз мамандығымен жұмыс істемейді."Мұның себептері әртүрлі. Мектептерде оқыту процесінің күрделі болуы, шамадан тыс талап қою және қалыптасып қалған "бәріне мұғалім кінәлі" деген қоғамдық пікір осы мамандыққа деген қызығушылықты төмендетіп жіберді. Білім беру процесіндегі қиындықтардан басқа, педагогтарға түсетін психологиялық жүктеме де жоғары. Әрине, проблемалар бар. Сондықтан мемлекет мұғалім мамандығын қалайтын жастарды одан әрі қолдайды", - деді Смайылов үкімет отырысында.Премьер-министр педагог мамандығында оқитын студенттердің стипендиясы 2,5 есеге өскенін атап өтті. Биыл мемлекеттік грант алуға үміткерлердің әрбір төртіншісі және 1,5 мыңнан астам "Алтын белгі" иегері мұғалім болуға ниет білдірген.Смайылов білім беру ұйымдарындағы болжамды сұранысты айқындап, педагогтарды даярлауға мемлекеттік тапсырысты соның негізінде қайта қарауды тапсырды. Жергілікті жерлерде кадр тапшылығын азайтудың тиісті өңірлік бағдарламаларын әзірлеп, 15 ақпанға дейін қабылдау қажет екенін айтты.
https://sputnik.kz/20231205/oqushylar-sabaqta-telefon-ustay-almaydy-ministr-bul-tyyym-ne-ushin-qazhet-ekenin-tusindirdi-40628090.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0c/05/40622063_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_1732f52f858986569704600a3ed428fb.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мұғалім
"Бәріне мұғалім кінәлі" деген пікір мамандыққа қызығушылықты төмендетіп жіберді – премьер
Премьер-министрдің айтуынша, қазір колледждерде бес мың мұғалім жетіспейді
АСТАНА, 5 желтоқсан – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов елде мұғалімдер тапшылығына не себеп болғанын айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Айтуынша, қазір колледждерде мұғалімдер тапшы. Шамамен 5 мың педагог жетіспейді. Жыл сайын 50 мыңға жуық жас маман университет бітірсе де, көпшілігі өз мамандығымен жұмыс істемейді.
"Мұның себептері әртүрлі. Мектептерде оқыту процесінің күрделі болуы, шамадан тыс талап қою және қалыптасып қалған "бәріне мұғалім кінәлі" деген қоғамдық пікір осы мамандыққа деген қызығушылықты төмендетіп жіберді. Білім беру процесіндегі қиындықтардан басқа, педагогтарға түсетін психологиялық жүктеме де жоғары. Әрине, проблемалар бар. Сондықтан мемлекет мұғалім мамандығын қалайтын жастарды одан әрі қолдайды", - деді Смайылов үкімет отырысында.
Премьер-министр педагог мамандығында оқитын студенттердің стипендиясы 2,5 есеге өскенін атап өтті. Биыл мемлекеттік грант алуға үміткерлердің әрбір төртіншісі және 1,5 мыңнан астам "Алтын белгі" иегері мұғалім болуға ниет білдірген.
"Енді оқыту сапасын арттырып, педагогикалық жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттерін оқыту әдістемесін қайта қарау қажет. Оқу бағдарламаларын жаңғыртып, оларға сұранысқа ие құзыреттерді қосу керек. Қазіргі заманғы талаптардың барлығын ескеру қажет", - деді үкімет басшысы.
Смайылов білім беру ұйымдарындағы болжамды сұранысты айқындап, педагогтарды даярлауға мемлекеттік тапсырысты соның негізінде қайта қарауды тапсырды. Жергілікті жерлерде кадр тапшылығын азайтудың тиісті өңірлік бағдарламаларын әзірлеп, 15 ақпанға дейін қабылдау қажет екенін айтты.