https://sputnik.kz/20231204/diplommen--auylga-zhas-mamandarga-baspana-alu-ushin-73-mln-tenge-nesie-beriledi-40609983.html
"Дипломмен – ауылға": жас мамандарға баспана алу үшін 7,3 млн теңге несие беріледі
"Дипломмен – ауылға": жас мамандарға баспана алу үшін 7,3 млн теңге несие беріледі
Sputnik Қазақстан
Биыл 3,6 мың маманға үй сатып алу үшін 18,6 млрд теңге қарастырылған 04.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-04T17:15+0500
2023-12-04T17:15+0500
2023-12-04T17:15+0500
қоғам
ауыл
баспана
жастар
несие
https://sputnik.kz/img/1027/12/10271277_0:20:3072:1748_1920x0_80_0_0_ec1c5ec1506081641356788a1b26f0f9.jpg
АСТАНА, 4 желтоқсан – Sputnik. Келесі жылдан бастап "Дипломмен – ауылға" жобасы бойынша ауылға баратын жас мамандарға баспана сатып алу үшін берілетін бюджеттік несие 2 000 айлық есептік көрсеткішке дейін өседі, деп хабарлайды ұлттық экономика министрлігі.Қазір оның мөлшері 1 500 АЕК-ті (5,2 млн теңге) құрайды. Сыйақы мөлшерлемесі – кредит сомасынан жылдық 0,01% мөлшерінде. Несие 15 жылға беріледі.Министрліктің ақпаратынша, биыл 3,6 мың маманға үй сатып алу үшін 18,6 млрд теңге қарастырылған.Осы жылдың сәуір айынан бастап "Отбасы банкі" жоба операторы болып тағайындалды. Бағдарлама цифрлық форматқа ауыстырылды. Өтінімдер Баспана маркет жылжымайтын мүлік порталында онлайн қабылданады.Сондай-ақ "Дипломмен – ауылға" жобасы бойынша мамандарға 100 АЕК (345 мың теңге) біржолғы көтерме жәрдемақы төленеді.Айта кетері, ауылдарда кадрлық әлеуетті арттыру мақсатында ұлттық экономика министрлігі 2009 жылдан бері "Дипломмен – ауылға" жобасын іске асырады.Бағдарламаға мына салалардың мамандары қатыса алады:Ведомство мәліметіне сүйенсек, 2009-2022 жылдар аралығында 95 мыңнан астам маман 17 млрд теңге сомасына көтерме жәрдемақы алған. 45 мыңнан астам маманға баспана сатып алу үшін 142,5 млрд теңге бюджеттік кредит берілді.
https://sputnik.kz/20231127/zhalgan-diplommen-auylga-bargan-mamandar-anyqtaldy-40460404.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1027/12/10271277_341:0:3072:2048_1920x0_80_0_0_c4fc8d7b682f9287c9db3e6915ae8ac5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ауыл, баспана, жастар, несие
ауыл, баспана, жастар, несие
"Дипломмен – ауылға": жас мамандарға баспана алу үшін 7,3 млн теңге несие беріледі
Биыл 3,6 мың маманға үй сатып алу үшін 18,6 млрд теңге қарастырылған
АСТАНА, 4 желтоқсан – Sputnik. Келесі жылдан бастап "Дипломмен – ауылға" жобасы бойынша ауылға баратын жас мамандарға баспана сатып алу үшін берілетін бюджеттік несие 2 000 айлық есептік көрсеткішке дейін өседі, деп хабарлайды ұлттық экономика министрлігі.
Қазір оның мөлшері 1 500 АЕК-ті (5,2 млн теңге) құрайды. Сыйақы мөлшерлемесі – кредит сомасынан жылдық 0,01% мөлшерінде. Несие 15 жылға беріледі.
"Биыл әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшеріне өзгерістер енгізілді. Мәселен, 2024 жылдан бастап аудан орталықтарына жұмыс істеуге келген мамандар үшін бюджеттік кредит көлемі 2 500 АЕК-ке (2024 жылы 9,2 млн теңге) дейін ұлғаяды, ал ауылдық елді мекендер үшін 2 000 АЕК-ке, яғни 7,3 млн теңгеге дейін өседі", - делінген хабарламада.
Министрліктің ақпаратынша, биыл 3,6 мың маманға үй сатып алу үшін 18,6 млрд теңге қарастырылған.
Осы жылдың сәуір айынан бастап "Отбасы банкі" жоба операторы болып тағайындалды. Бағдарлама цифрлық форматқа ауыстырылды. Өтінімдер Баспана маркет жылжымайтын мүлік порталында онлайн қабылданады.
Сондай-ақ "Дипломмен – ауылға" жобасы бойынша мамандарға 100 АЕК (345 мың теңге) біржолғы көтерме жәрдемақы төленеді.
Айта кетері, ауылдарда кадрлық әлеуетті арттыру мақсатында ұлттық экономика министрлігі 2009 жылдан бері "Дипломмен – ауылға" жобасын іске асырады.
Бағдарламаға мына салалардың мамандары қатыса алады:
әлеуметтік қамсыздандыру;
ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері.
Ведомство мәліметіне сүйенсек, 2009-2022 жылдар аралығында 95 мыңнан астам маман 17 млрд теңге сомасына көтерме жәрдемақы алған. 45 мыңнан астам маманға баспана сатып алу үшін 142,5 млрд теңге бюджеттік кредит берілді.