https://sputnik.kz/20231127/zhalgan-diplommen-auylga-bargan-mamandar-anyqtaldy-40460404.html
Жалған дипломмен ауылға барған мамандар анықталды
Жалған дипломмен ауылға барған мамандар анықталды
Sputnik Қазақстан
Қазіргі кезде қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды 27.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-27T10:05+0500
2023-11-27T10:05+0500
2023-11-27T10:05+0500
диплом
алаяқтық
https://sputnik.kz/img/07e5/07/02/17514726_0:0:3641:2048_1920x0_80_0_0_95acab66d6191d7fed41f5a938e588d0.jpg
АСТАНА, 27 қараша – Sputnik. "Дипломмен ауылға" мемлекеттік бағдарламасына жалған құжатпен қатысқан ондаған адам анықталды. Барлығы жеңілдікпен миллиондап ақша алған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан бас прокуратурға сілтеме жасап. Жалған дипломмен жұмысқа ауылға барған мамандар бірнеше облыста анықталды.Тура сондай схемамен 12 "маман" ақша алып үлгерді. Залалдын жалпы соммасы 30 млн теңгеден асты.Қазіргі кезде қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.Айта кетері, "Дипломмен ауылға" мемлекеттік бағдарламасы 2009 жылы басталған болатын. Соның аясында ауылдық жерде еңбек етуге ниет білдірген мамандарға жеңілдікпен кредиттер мен өтеусіз жәрдемақылар ұсынылады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/07/02/17514726_454:0:3185:2048_1920x0_80_0_0_7da9ec3c9ecc49479194c93cff8ed04a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
диплом, алаяқтық
Жалған дипломмен ауылға барған мамандар анықталды
Қазіргі кезде қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды
АСТАНА, 27 қараша – Sputnik. "Дипломмен ауылға" мемлекеттік бағдарламасына жалған құжатпен қатысқан ондаған адам анықталды. Барлығы жеңілдікпен миллиондап ақша алған, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан бас прокуратурға сілтеме жасап.
Жалған дипломмен жұмысқа ауылға барған мамандар бірнеше облыста анықталды.
"Мәселен, 2021жылы К. есімді азамат жалған диплом бойынша Атбасар ауданының оқу орнында биология пәнінің мұғалімі болып жұмысқа орналасқан. Ал 2022 жылы мүліктік игіліктер алу мақсатында сол жалған дипломды пайдаланып, бағдарламаға қатысқан. Осылайша, жеңілдікпен 4,9 млн теңге алды", - дейді прокурорлар.
Тура сондай схемамен 12 "маман" ақша алып үлгерді. Залалдын жалпы соммасы 30 млн теңгеден асты.
Қазіргі кезде қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.
Айта кетері, "Дипломмен ауылға" мемлекеттік бағдарламасы 2009 жылы басталған болатын. Соның аясында ауылдық жерде еңбек етуге ниет білдірген мамандарға жеңілдікпен кредиттер мен өтеусіз жәрдемақылар ұсынылады.