Экономика

Жетісу облысында салынатын жел электр станциясына 1,8 млрд доллар инвестиция құйылмақ

© Photo : ҚР президентінің баспасөз қызметіМемлекет басшысы ACWA Power компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Мұхаммед Абунайянды қабылдады
Мемлекет басшысы ACWA Power компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Мұхаммед Абунайянды қабылдады - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.12.2023
Жазылу
Бұл туралы президенттің ACWA Power компаниясы директорлар кеңесінің төрағасымен кездесуінде айтылды
АСТАНА, 2 желтоқсан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ-ның негіздемелік конвенциясы тараптарының 28-ші конференциясы аясында ACWA Power компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Мұхаммед Абунайянмен кездесті, деп хабарлайды Ақорда.
Кездесу барысында компанияның Қазақстанмен өзара ықпалдастығын одан әрі нығайтудың негізгі аспектілері және бірқатар инвестициялық жобаны жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ Жетісу облысында қуаты 1 ГВт болатын жел электр станциясын салу перспективалары қарастырылды. Бұл нысанға 1,8 миллиард доллар көлемінде инвестиция құю көзделіп отыр.
Мұхаммед Абунайян компанияның Қазақстандағы үлесін кеңейтуге және жасыл энергетика секторында инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға мүдделі екенін айтты.
Тоқаевтың пікірінше, бұл бастама Қазақстанның жаңартылатын энергия көздерін дамытудың өңірлік орталығы болу ниетіне сай келеді.
Мемлекет басшысы компанияның қызметі мен ауқымды жобаларын, атап айтқанда, құны 4,6 миллиард доллар болатын Дубайдағы "Noor Energy 1" күн электр станциясының құрылысын жоғары бағалады. Бұл әлемдегі ең ірі нысан саналады.
Тоқаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.12.2023
Экономика
Қазақстан инвесторларға әрқашан қолдау көрсетеді – Тоқаев
Жаңалықтар
0