https://sputnik.kz/20231202/qazaqstan-investorlarga-arqashan-qoldau-korsetedi--toqaev--40579663.html
Қазақстан инвесторларға әрқашан қолдау көрсетеді – Тоқаев
Қазақстан инвесторларға әрқашан қолдау көрсетеді – Тоқаев
Sputnik Қазақстан
Президент БАӘ инвестициялар министрімен бірлескен жобаларды талқылады 02.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-02T13:20+0500
2023-12-02T13:20+0500
2023-12-02T13:20+0500
экономика
қасым-жомарт тоқаев
шетелдік инвесторлар
https://sputnik.kz/img/07e7/0c/01/40571379_0:85:1280:805_1920x0_80_0_0_1279be7f1d97126481b92043cd5cb19e.jpg
АСТАНА, 2 желтоқсан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ-ның негіздемелік конвенциясы тараптарының 28-ші конференциясы аясында Біріккен Араб Әмірліктерінің инвестициялар министрі, ADQ холдингінің басқарушы директоры Мұхаммед әл-Сувейдимен кездесті, деп хабарлайды Ақорда.Тоқаев пен Мұхаммед әл-Сувейди екі ел арасындағы инвестициялық ынтымақтастықтың қарқынды дамуына көңілдері толатынын айтып, бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға ерекше назар аударды.Президент конференция аясында Қазақстан мен ADQ және оның еншілес компаниялары арасында қол қойылған келісімдерді жоғары бағалады. Сондай-ақ екіжақты байланыстардың қазіргі динамикасын сақтауға дайын екенін мәлімдеді.Кездесу барысында Қазақстан аумағында жалпы қуаты 10 ГВт болатын төмен көміртекті энергетиканы дамыту жөніндегі меморандумға және қуаты 1 ГВт болатын жел электр станциясының жобасы бойынша үкіметаралық келісімге қол қоюдың маңыздылығы аталып өтті.Президенттің пікірінше, AD Ports Group компаниясымен арадағы тұрақты серіктестік Ақтау және Құрық порттарын Каспий теңізіндегі басты теңіз хабына айналдыруда маңызды рөл атқарады.Сонымен қатар кездесуде Presight пен "Самұрық-Қазына" қоры арасындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру перспективалары, сондай-ақ QazaqGaz және "Қазақстан темір жолы" компанияларының қатысуымен іске асырылатын жасанды интеллект саласындағы стратегиялық келісімдер талқыланды.Тоқаев Қазақстанда жұмыс істейтін инвесторларға мемлекет әрқашан қолдау көрсететінін айтты.
https://sputnik.kz/20231201/prezident-duniezhuzlik-sammitte-aral-tenizinin-maselesin-koterdi--40571132.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0c/01/40571379_48:0:1233:889_1920x0_80_0_0_cb18ba85e9fa677410b8eaf42b204760.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, шетелдік инвесторлар
қасым-жомарт тоқаев, шетелдік инвесторлар
Қазақстан инвесторларға әрқашан қолдау көрсетеді – Тоқаев
Президент БАӘ инвестициялар министрімен бірлескен жобаларды талқылады
АСТАНА, 2 желтоқсан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ-ның негіздемелік конвенциясы тараптарының 28-ші конференциясы аясында Біріккен Араб Әмірліктерінің инвестициялар министрі, ADQ холдингінің басқарушы директоры Мұхаммед әл-Сувейдимен кездесті, деп хабарлайды Ақорда.
Тоқаев пен Мұхаммед әл-Сувейди екі ел арасындағы инвестициялық ынтымақтастықтың қарқынды дамуына көңілдері толатынын айтып, бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға ерекше назар аударды.
Президент конференция аясында Қазақстан мен ADQ және оның еншілес компаниялары арасында қол қойылған келісімдерді жоғары бағалады. Сондай-ақ екіжақты байланыстардың қазіргі динамикасын сақтауға дайын екенін мәлімдеді.
Кездесу барысында Қазақстан аумағында жалпы қуаты 10 ГВт болатын төмен көміртекті энергетиканы дамыту жөніндегі меморандумға және қуаты 1 ГВт болатын жел электр станциясының жобасы бойынша үкіметаралық келісімге қол қоюдың маңыздылығы аталып өтті.
Президенттің пікірінше, AD Ports Group компаниясымен арадағы тұрақты серіктестік Ақтау және Құрық порттарын Каспий теңізіндегі басты теңіз хабына айналдыруда маңызды рөл атқарады.
Сонымен қатар кездесуде Presight пен "Самұрық-Қазына" қоры арасындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру перспективалары, сондай-ақ QazaqGaz және "Қазақстан темір жолы" компанияларының қатысуымен іске асырылатын жасанды интеллект саласындағы стратегиялық келісімдер талқыланды.
Тоқаев Қазақстанда жұмыс істейтін инвесторларға мемлекет әрқашан қолдау көрсететінін айтты.