Президент дүниежүзілік саммитте Арал теңізінің мәселесін көтерді

© Sputnik / Медиабанкке өтуБерег Аральского моря
Берег Аральского моря - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.12.2023
Жазылу
АСТАНА, 1 желтоқсан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Климат жөніндегі дүниежүзілік саммитте Халықаралық Арал теңізін құтқару қорын қолдауға көбірек қаржы бөлуге шақырды.
"Өздеріңізге мәлім, бір кездері Арал теңізі әлемдегі төртінші ірі ішкі су айдыны болған. Қазақстан келесі жылы Қорға төрағалық етеді және осы мәселені шешу үшін барлық серіктесті жұмылдыруға үміттенеді. Бұдан бөлек, БҰҰ Бас Ассамблеясының келесі сессиясы шеңберінде "Біртұтас су" атты бірінші тақырыптық саммит өтеді. Біз Франциямен бірге аталған жиынға тең төраға болатынымызға қуаныштымыз. Биылғы COP28 саммитінің табысты өткенін ескере отырып, барлық қатысушы мемлекетті 2024 жылдың маусым айында ұйымдастырылатын Астана халықаралық форумына қатысуға шақырамын", - деді Тоқаев.
Президенттің айтуынша, форум климатқа қатысты осы өткір мәселелер бойынша мақсатты ынтымақтастықты жалғастыратын диалог алаңы бола алады.
Жаңалықтар
0