https://sputnik.kz/20231202/qyzylsha-orship-tur-petropavldagy-askeri-institutta-shekteu-engizildi-40584197.html
Қызылша өршіп тұр: Петропавлдағы әскери институтта шектеу енгізілді
Қызылша өршіп тұр: Петропавлдағы әскери институтта шектеу енгізілді
Sputnik Қазақстан
Қазіргі таңда 29 адамның диагнозы расталды 02.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-02T17:41+0500
2023-12-02T17:41+0500
2023-12-02T17:41+0500
денсаулық
қызылша
https://sputnik.kz/img/07e7/0c/02/40580569_10:0:1439:804_1920x0_80_0_0_7dd3379fa4189667076d96283bec673d.jpg
АСТАНА, 2 желтоқсан – Sputnik. Петропавл қаласында қызылша жұқтырды деген күдікпен 47 курсант пен офицер медициналық бақылауға алынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әсет Жұматаевтың айтуынша, қазіргі кезде 29 адамның диагнозы расталды.Әскери институтта науқастармен 1195 адам араласқан. Олардың ішінде 698 адам вакцина алуға жатады. Бірақ ешкім екпе алмаған. 645 курсант пен қызметкер (92 процент) қызылшаға қарсы вакцина еккен. Қалғандары медициналық себептерге байланысты екпе алмады немесе өз еркімен одан бас тартты.Оқу орнының медициналық қызметі ұсынған ақпаратқа сәйкес, Ұлттық ұлан академиясында қызылша жұқтырудың алғашқы оқиғасы 12 қарашада тіркелген. Курсанттардың бір бөлігі жазылып, өз бөлімшелеріне жіберілді. Қалғаны медициналық мекемелерде ем-дом алып жатыр. Ал институттың өзінде шектеу шаралары енгізілді."Негізі, карантин емес, тек шектеу шаралары енгізілді. Осыған байланысты ғимаратқа сырттан адам кіргізуге тыйым салынды. Қазір кейбір ата-аналар келіп, балаларын көргісі келеді, бірақ біз оларға алдын ала хабар беріп жатырмыз. Курсанттар ешқандай шараларға қатыспайды. Бәріне бетперде кию міндеттелді. Далада шешуге болады. Институтың ішінде кеңестер де маскамен өтеді", - дейді медициналық қызмет бастығы Азамат Тоқтарбаев.Айта кетері, бүгінде Солтүстік Қазақстан облысында қызылшаны жұқтырған 75 адамның диагнозы зертханамен расталды. Соның ішінде 68 адам облыс орталығында тіркелген. Үшеуі Біріккен Араб Әмірліктері, Ресей мен Қырғызстанға барып, ауырып келген. Науқастардың басым бөлігі 15 жастан асқан. Көбісі қызылшаға қарсы екпе алмаған.Ауруханада 48 адам емделіп жатыр. Олардың ішінде 18 бала бар. Қалғаны үйде ем-дом алып жүр. Жағдайы ауыр науқастар жоқ.
https://sputnik.kz/20231128/qyzylsha-auruy-payda-bolu-sebepteri-men-emdeu-zholdary-40488593.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0c/02/40580569_188:0:1260:804_1920x0_80_0_0_d1b268963a526a46db73756a8cd23467.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қызылша
Қызылша өршіп тұр: Петропавлдағы әскери институтта шектеу енгізілді
Қазіргі таңда 29 адамның диагнозы расталды
АСТАНА, 2 желтоқсан – Sputnik. Петропавл қаласында қызылша жұқтырды деген күдікпен 47 курсант пен офицер медициналық бақылауға алынды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әсет Жұматаевтың айтуынша, қазіргі кезде 29 адамның диагнозы расталды.
"Бір адамның диагнозы расталмады, одан жоғары тыныс алу жолдарының инфекциясы анықталды. Қазіргі кезде тағы 17 анализ талдауда жатыр", - деді Жұмабаев арнайы брифингте.
Әскери институтта науқастармен 1195 адам араласқан. Олардың ішінде 698 адам вакцина алуға жатады. Бірақ ешкім екпе алмаған. 645 курсант пен қызметкер (92 процент) қызылшаға қарсы вакцина еккен. Қалғандары медициналық себептерге байланысты екпе алмады немесе өз еркімен одан бас тартты.
Оқу орнының медициналық қызметі ұсынған ақпаратқа сәйкес, Ұлттық ұлан академиясында қызылша жұқтырудың алғашқы оқиғасы 12 қарашада тіркелген. Курсанттардың бір бөлігі жазылып, өз бөлімшелеріне жіберілді. Қалғаны медициналық мекемелерде ем-дом алып жатыр. Ал институттың өзінде шектеу шаралары енгізілді.
"Негізі, карантин емес, тек шектеу шаралары енгізілді. Осыған байланысты ғимаратқа сырттан адам кіргізуге тыйым салынды. Қазір кейбір ата-аналар келіп, балаларын көргісі келеді, бірақ біз оларға алдын ала хабар беріп жатырмыз. Курсанттар ешқандай шараларға қатыспайды. Бәріне бетперде кию міндеттелді. Далада шешуге болады. Институтың ішінде кеңестер де маскамен өтеді", - дейді медициналық қызмет бастығы Азамат Тоқтарбаев.
Айта кетері, бүгінде Солтүстік Қазақстан облысында қызылшаны жұқтырған 75 адамның диагнозы зертханамен расталды. Соның ішінде 68 адам облыс орталығында тіркелген. Үшеуі Біріккен Араб Әмірліктері, Ресей мен Қырғызстанға барып, ауырып келген. Науқастардың басым бөлігі 15 жастан асқан. Көбісі қызылшаға қарсы екпе алмаған.
Ауруханада 48 адам емделіп жатыр. Олардың ішінде 18 бала бар. Қалғаны үйде ем-дом алып жүр. Жағдайы ауыр науқастар жоқ.