https://sputnik.kz/20231201/qazaqstanda-1-zheltoqsannan-bastap-ne-ozgeredi-40514284.html
Қазақстанда 1 желтоқсаннан бастап не өзгереді
Қазақстанда 1 желтоқсаннан бастап не өзгереді
Sputnik Қазақстан
Жазғы доңғалақ үшін айыппұл, ақылы жол, қосымша пойыздар, әскерге шақыру науқаны – қыстың бірінші айында осы және өзге де өзгерістер күшіне енеді
2023-12-01T07:21+0500
2023-12-01T07:21+0500
2023-12-01T07:34+0500
қоғам
өзгерістер
желтоқсан
https://sputnik.kz/img/1251/11/12511174_19:0:2904:1623_1920x0_80_0_0_e2d4f37f18eb4aee69a41f3c5c8b56a1.jpg
АСТАНА, 1 желтоқсан – Sputnik. Желтоқсан айынан бастап елімізде қандай өзгерістер болатынын толығырақ Sputnik Қазақстан материалынан оқыңыз.Қызылшаға қарсы вакциналауЖелтоқсан айында қызылша ауруына қарсы вакциналау науқаны жалғасады. Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратынша, қазір елімізде 5 жасқа дейінгі балалар арасында сырқаттанушылық жоғары.Осыған байланысты 6 қарашадан бастап осы санат арасында қосымша жаппай вакциналау басталды. Жыл соңына дейін вакцинациямен 825,8 мың ересек пен баланы қамту жоспарланып отыр.Қосымша вакциналау науқанын жүргізу үшін осы айда қызылшаға қарсы вакцинаның тағы 1 млн дозасы жеткізіледі.Жүргізушілерге айыппұл салынады1 желтоқсаннан бастап жазғы доңғалағын ауыстырмаған жүргізушілер айыппұл арқалайды.Ережеге сәйкес, көлік иелері бүгіннен бастап 1 наурызға дейін қысқы доңғалақпен жүруге міндетті. Талапқа бағынбаған жағдайда полицейлер көлікті тоқтатып, мемлекеттік нөмірді алып қоюға құқылы. Сондай-ақ техникалық регламентті сақтамағаны үшін көлік жүргізушісі айыппұл төлейді.Заңбұзушылық алғаш рет жасалса, 5 АЕК немесе 17 250 теңге, ал бір жыл ішінде қайталанса 10 АЕК, яғни 34 500 теңге айыппұл салынады.Мерекеге орай қосымша пойыздар қатынайдыТәуелсіздік күні мерекесі мен Жаңа жыл мейрамы қарсаңында қосымша пойыздар жолға шығады. Бұл жолаушылар тарапынан сұраныстың күрт артуымен байланысты.Қосымша пойыздар мына бағыттар бойынша жүреді:Бұдан басқа сұранысы көп бағыттар бойынша техникалық мүмкіндік болған кезде жолаушылар пойыздарына қосымша вагондар қосылады, деді "ҚТЖ" компаниясы.Орал-Саратов тас жолы ақылы боладыБүгіннен бастап Орал-Саратов тас жолының бір бөлігі ақылы болады.Жеңіл автокөліктер II және III техникалық санаттағы жолдарды пайдаланғаны үшін төлемақы төлеуден босатылған. Осылайша тек автобустар мен жүк көліктерінің жүргізушілері жаңа ақылы учаскені пайдаланғаны үшін жол жүру ақысын төлеуге міндеттеледі.Ресеймен шекараға дейінгі бағытта салынған тас жолды пайдалану құны көлік түріне байланысты 0,142 АЕК (489,9 теңге) пен 0,710 АЕК (2 449,5 теңге) аралығында болады.Байқоңырға кіріп-шығу жеңілдейдіБүгін Қазақстан-Ресей үкіметаралық комиссиясы рәсімдеген келісім күшіне енеді. Осылайша қазақстандықтар үшін Байқоңыр қаласына кіріп-шығу тәртібі жеңілдетіледі.Бұрын Байқоңырға кіру үшін азаматтар барлық құжатын алдын ала жіберуге тиіс болатын. Өйткені оны комиссия тексереді. Сөйтіп бір аптадан кейін ғана рұқсат қағазын алатын. Енді 1 желтоқсаннан бастап осы тәртіп өзгереді. Алдын ала құжат жіберудің қажеті жоқ.Жаңа жүйе әзірге пилоттық режимде жүзеге асырылады."1 желтоқсаннан бастап кіреберісте бір маман отырады. Ол келген Қазақстан азаматтарына бірден рұқсат қағазын жазып береді. Осындай шешімге келдік", - деп түсіндірді президенттің Байқоңыр кешеніндегі арнайы өкілі, облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай.Күзгі әскерге шақыру науқаны аяқталадыЕлімізде 1 қыркүйектен бері азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақырудың күзгі науқаны жүріп жатыр. Әскерге шақыру науқаны 31 желтоқсанда аяқталады.Қорғаныс министрлігінің болжамынша, биыл күзде барлығы 19 мыңнан астам адам әскерге алынады. Қарулы күштер қатарына 8 мыңнан аса, Ұлттық ұланға – 6 мың, ҰҚК Шекара қызметіне – 3 мың, Мемлекеттік күзет қызметіне және Төтенше жағдайлар министрлігіне 300 азамат шақырылады.Айта кетері, қазір әскери міндеттілер мен әскерге шақырылатындарды әскери есепке қою және шығару тұрғылықты жері өзгерген кезде автоматты түрде жүзеге асырылады.Сондай-ақ жуырда шақыру учаскелеріне әскерге шақырылатындарды тіркеу туралы куәлік беру және борышын өтемеген азаматтарға әскери билет беру процесі жойылады.Жаңа әуе рейстеріЖелтоқсанда Qazaq Air әуе компаниясы Астана – Новосібір бағыты бойынша аптасына 5 рейске дейін және Өскемен – Новосібір бағыты бойынша аптасына 2 рейске дейін жиілікпен рейстер орындауды жоспарлап отыр.Сондай-ақ Қытайдың Loong Airlines әуе компаниясы желтоқсан айында Алматы – Ханчжоу бағытына рейстерді көбейтпек. Енді олар аптасына 4 рейс жасайды. Ал келесі жылы жолаушылар ағыны артқан жағдайда аптасына 7 рейс орындау жоспарланған.Киік аулау мерзімі аяқталадыБатыс Қазақстанда киіктерді аулау мерзімі 20 желтоқсанда аяқталады. Бастапқыда бұл жұмыс 15 қарашаға дейін жоспарланған еді, алайда кейін мерзімі ұзартылды.Экология және табиғи ресурстар министрлігінің "Мой город" порталына берген ақпараты бойынша, Орал популяциясының 226 мың басын атуға және аулауға рұқсат етілген.Әрбір ауланған киікке 4 211 теңге, ал аңшыларға 5 052 теңге төленеді.Киіктердің еті одан әрі өңдеу үшін ет комбинаттарына жөнелтіледі. Ал мүйіздері есепке алу және сақтау үшін "Охотзоопромға" тапсырылады.
https://sputnik.kz/20231128/qyzylsha-auruy-payda-bolu-sebepteri-men-emdeu-zholdary-40488593.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1251/11/12511174_379:0:2543:1623_1920x0_80_0_0_2d92aad88de92e757ec3b7bc45ae9f0a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
желтоқсан өзгерістер декабрь 2023 изменения
желтоқсан өзгерістер декабрь 2023 изменения
Қазақстанда 1 желтоқсаннан бастап не өзгереді
07:21 01.12.2023 (жаңартылды: 07:34 01.12.2023) Жазғы доңғалақ үшін айыппұл, ақылы жол, қосымша пойыздар, әскерге шақыру науқаны – қыстың бірінші айында осы және өзге де өзгерістер күшіне енеді
АСТАНА, 1 желтоқсан – Sputnik. Желтоқсан айынан бастап елімізде қандай өзгерістер болатынын толығырақ
Sputnik Қазақстан материалынан оқыңыз.
Қызылшаға қарсы вакциналау
Желтоқсан айында қызылша ауруына қарсы вакциналау науқаны жалғасады. Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратынша, қазір елімізде 5 жасқа дейінгі балалар арасында сырқаттанушылық жоғары.
Осыған байланысты 6 қарашадан бастап осы санат арасында қосымша жаппай вакциналау басталды. Жыл соңына дейін вакцинациямен 825,8 мың ересек пен баланы қамту жоспарланып отыр.
Қосымша вакциналау науқанын жүргізу үшін осы айда қызылшаға қарсы вакцинаның тағы 1 млн дозасы жеткізіледі.
Жүргізушілерге айыппұл салынады
1 желтоқсаннан бастап жазғы доңғалағын ауыстырмаған жүргізушілер айыппұл арқалайды.
Ережеге сәйкес, көлік иелері бүгіннен бастап 1 наурызға дейін қысқы доңғалақпен жүруге міндетті. Талапқа бағынбаған жағдайда полицейлер көлікті тоқтатып, мемлекеттік нөмірді алып қоюға құқылы. Сондай-ақ техникалық регламентті сақтамағаны үшін көлік жүргізушісі айыппұл төлейді.
Заңбұзушылық алғаш рет жасалса, 5 АЕК немесе 17 250 теңге, ал бір жыл ішінде қайталанса 10 АЕК, яғни 34 500 теңге айыппұл салынады.
Мерекеге орай қосымша пойыздар қатынайды
Тәуелсіздік күні мерекесі мен Жаңа жыл мейрамы қарсаңында қосымша пойыздар жолға шығады. Бұл жолаушылар тарапынан сұраныстың күрт артуымен байланысты.
Қосымша пойыздар мына бағыттар бойынша жүреді:
№201/202 "Нұр-Сұлтан 1 – Шымкент". Жүретін күндері – Астанада 15, 29 желтоқсан және 2024 жылғы 1 қаңтар, ал Шымкенттен 16, 30 желтоқсан мен 2024 жылғы 2 қаңтар;
№203/204 "Нұр-Сұлтан Нұрлы жол – Алматы 2". Жүретін күндері – 15, 28, 29 желтоқсаны және 1, 2 қаңтар "Нұрлы жол" вокзалынан, ал Алматы 2 вокзалынан – 16, 29, 30 желтоқсан және 2-3 қаңтар;
№7510/7509 "Астана – Павлодар" электр пойызы. Жүретін күндері – 15, 29, 30 желтоқсан, ал кері бағытта – 18 желтоқсан-2 қаңтар.
Бұдан басқа сұранысы көп бағыттар бойынша техникалық мүмкіндік болған кезде жолаушылар пойыздарына қосымша вагондар қосылады, деді "ҚТЖ" компаниясы.
Орал-Саратов тас жолы ақылы болады
Бүгіннен бастап Орал-Саратов тас жолының бір бөлігі ақылы болады.
Жеңіл автокөліктер II және III техникалық санаттағы жолдарды пайдаланғаны үшін төлемақы төлеуден босатылған. Осылайша тек автобустар мен жүк көліктерінің жүргізушілері жаңа ақылы учаскені пайдаланғаны үшін жол жүру ақысын төлеуге міндеттеледі.
Ресеймен шекараға дейінгі бағытта салынған тас жолды пайдалану құны көлік түріне байланысты 0,142 АЕК (489,9 теңге) пен 0,710 АЕК (2 449,5 теңге) аралығында болады.
Байқоңырға кіріп-шығу жеңілдейді
Бүгін Қазақстан-Ресей үкіметаралық комиссиясы рәсімдеген келісім күшіне енеді. Осылайша қазақстандықтар үшін Байқоңыр қаласына кіріп-шығу тәртібі жеңілдетіледі.
Бұрын Байқоңырға кіру үшін азаматтар барлық құжатын алдын ала жіберуге тиіс болатын. Өйткені оны комиссия тексереді. Сөйтіп бір аптадан кейін ғана рұқсат қағазын алатын. Енді 1 желтоқсаннан бастап осы тәртіп өзгереді. Алдын ала құжат жіберудің қажеті жоқ.
Жаңа жүйе әзірге пилоттық режимде жүзеге асырылады.
"1 желтоқсаннан бастап кіреберісте бір маман отырады. Ол келген Қазақстан азаматтарына бірден рұқсат қағазын жазып береді. Осындай шешімге келдік", - деп түсіндірді президенттің Байқоңыр кешеніндегі арнайы өкілі, облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай.
Күзгі әскерге шақыру науқаны аяқталады
Елімізде 1 қыркүйектен бері азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақырудың күзгі науқаны жүріп жатыр. Әскерге шақыру науқаны 31 желтоқсанда аяқталады.
Қорғаныс министрлігінің болжамынша, биыл күзде барлығы 19 мыңнан астам адам әскерге алынады. Қарулы күштер қатарына 8 мыңнан аса, Ұлттық ұланға – 6 мың, ҰҚК Шекара қызметіне – 3 мың, Мемлекеттік күзет қызметіне және Төтенше жағдайлар министрлігіне 300 азамат шақырылады.
Айта кетері, қазір әскери міндеттілер мен әскерге шақырылатындарды әскери есепке қою және шығару тұрғылықты жері өзгерген кезде автоматты түрде жүзеге асырылады.
Сондай-ақ жуырда шақыру учаскелеріне әскерге шақырылатындарды тіркеу туралы куәлік беру және борышын өтемеген азаматтарға әскери билет беру процесі жойылады.
Желтоқсанда Qazaq Air әуе компаниясы Астана – Новосібір бағыты бойынша аптасына 5 рейске дейін және Өскемен – Новосібір бағыты бойынша аптасына 2 рейске дейін жиілікпен рейстер орындауды жоспарлап отыр.
Сондай-ақ Қытайдың Loong Airlines әуе компаниясы желтоқсан айында Алматы – Ханчжоу бағытына рейстерді көбейтпек. Енді олар аптасына 4 рейс жасайды. Ал келесі жылы жолаушылар ағыны артқан жағдайда аптасына 7 рейс орындау жоспарланған.
Киік аулау мерзімі аяқталады
Батыс Қазақстанда киіктерді аулау мерзімі 20 желтоқсанда аяқталады. Бастапқыда бұл жұмыс 15 қарашаға дейін жоспарланған еді, алайда кейін мерзімі ұзартылды.
Экология және табиғи ресурстар министрлігінің "Мой город" порталына берген ақпараты бойынша, Орал популяциясының 226 мың басын атуға және аулауға рұқсат етілген.
Әрбір ауланған киікке 4 211 теңге, ал аңшыларға 5 052 теңге төленеді.
Киіктердің еті одан әрі өңдеу үшін ет комбинаттарына жөнелтіледі. Ал мүйіздері есепке алу және сақтау үшін "Охотзоопромға" тапсырылады.