https://sputnik.kz/20231201/oqulyqtardyn-mazmunyna-saraptama-zhurgizuge-arnalgan-elektrondy-platforma-azirlendi-40567898.html
Оқулықтардың мазмұнына сараптама жүргізуге арналған электронды платформа әзірленді
Оқулықтардың мазмұнына сараптама жүргізуге арналған электронды платформа әзірленді
Sputnik Қазақстан
Электронды платформаға сарапшылар мен баспа өкілдері ғана кіре алады 01.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-01T15:21+0500
2023-12-01T15:21+0500
2023-12-01T15:21+0500
білім
оқушы
https://sputnik.kz/img/07e4/08/0d/14694989_0:0:2000:1125_1920x0_80_0_0_7a628da620fe1e559e9d08b1cf4f8c3d.jpg
АСТАНА, 1 желтоқсан – Sputnik. 2024 жылы оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарды сараптау жұмыстарын арнайы электронды платформада жүргізуге көшіру жоспарланып отыр, деп хабарлайды оқу-ағарту министрлігі республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы."Министрліктің қолдауымен ғылыми, ғылыми-техникалық жобаларды бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру аясында "Білім беру мен ғылымды модернизациялаудың ғылыми негіздері" атты ірі бағдарлама қолға алынды. Ол арқылы білім беру мазмұнын сараптаудың электронды платформасы әзірленді. Бұл сараптама жүргізу кезінде оқу әдебиеттеріне сапалы таңдау жасауға ықпал етеді. Сондай-ақ оқулықтар мен ОӘК сарапшыларының мүмкіндіктерін кеңейтеді", - деді орталық директоры Нәзира Әбдірахманова.Платформа сараптама жүргізу кезінде обьективті шешімдер қабылдауға, сараптама процесін мониторингілеуді цифрлық сервисте жүзеге асыруға көмектеседі.Қазіргі таңда электронды платформаның тестік нұсқасы Алматы мен Астана қалаларында таныстырылды.Айта кетері, электронды платформа жабық. Оған тек сарапшылар, баспа өкілдері мен орталықтың сыртқы сарапшылары кіре алады.Электронды платформа қолданысқа берілгеннен кейін сараптама процесі толық автоматтандырылады. Бұл сараптама процесін жеңілдетіп, сарапшы назарының тек оқулық мазмұнында болуына мүмкіндік береді, деп атап өтті министрліктегілер.
https://sputnik.kz/20231106/astanada-oqushylar-sabaqtyn-aldynda-8-minut-kitap-oqidy-39959162.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/08/0d/14694989_413:0:1913:1125_1920x0_80_0_0_596e698504ee034a34ee95ab5c330069.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
оқушы
Оқулықтардың мазмұнына сараптама жүргізуге арналған электронды платформа әзірленді
Электронды платформаға сарапшылар мен баспа өкілдері ғана кіре алады
АСТАНА, 1 желтоқсан – Sputnik. 2024 жылы оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарды сараптау жұмыстарын арнайы электронды платформада жүргізуге көшіру жоспарланып отыр, деп хабарлайды оқу-ағарту министрлігі республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы.
"Министрліктің қолдауымен ғылыми, ғылыми-техникалық жобаларды бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру аясында "Білім беру мен ғылымды модернизациялаудың ғылыми негіздері" атты ірі бағдарлама қолға алынды. Ол арқылы білім беру мазмұнын сараптаудың электронды платформасы әзірленді. Бұл сараптама жүргізу кезінде оқу әдебиеттеріне сапалы таңдау жасауға ықпал етеді. Сондай-ақ оқулықтар мен ОӘК сарапшыларының мүмкіндіктерін кеңейтеді", - деді орталық директоры Нәзира Әбдірахманова.
Платформа сараптама жүргізу кезінде обьективті шешімдер қабылдауға, сараптама процесін мониторингілеуді цифрлық сервисте жүзеге асыруға көмектеседі.
Қазіргі таңда электронды платформаның тестік нұсқасы Алматы мен Астана қалаларында таныстырылды.
Айта кетері, электронды платформа жабық. Оған тек сарапшылар, баспа өкілдері мен орталықтың сыртқы сарапшылары кіре алады.
Электронды платформа қолданысқа берілгеннен кейін сараптама процесі толық автоматтандырылады. Бұл сараптама процесін жеңілдетіп, сарапшы назарының тек оқулық мазмұнында болуына мүмкіндік береді, деп атап өтті министрліктегілер.