https://sputnik.kz/20231201/elimizde-poyyz-biletterine-25-zhenildik-zhasalady-40556097.html
Елімізде пойыз билеттеріне 25% жеңілдік жасалады
Елімізде пойыз билеттеріне 25% жеңілдік жасалады
Sputnik Қазақстан
Дисконттық карталардың иелеріне теміржол билеттері жеңілдікпен сатылады 01.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-01T11:23+0500
2023-12-01T11:23+0500
2023-12-01T16:36+0500
қоғам
пойыз
жеңілдіктер
теміржол билеті
https://sputnik.kz/img/07e7/0b/1d/40507271_0:134:2560:1574_1920x0_80_0_0_e65898642ffe9bd7b4eeb85a39a2e8ae.jpg.webp
АСТАНА, 1 желтоқсан – Sputnik. Қазақстандық жолаушылар теміржол билеттерін 25% жеңілдікпен сатып ала алады, деп хабарлайды "Жолаушылар тасымалы" АҚ.Компания жолаушылардың әртүрлі санаттары үшін пойыз билетін сатып алу кезінде жеңілдік алуға мүмкіндік беретін "Алтын", "Күміс", "Жастар" және "Саяхатшы" дисконттық карталарын ұсынады."Алтын" картасы 15 жастан асқан жолаушыларға компанияның барлық пойызына 25% жеңілдік береді. Картаның құны 19 999 теңгені құрайды."Күміс" картасы әлеуметтік маңызы бар пойыздарға 25% жеңілдік береді және 7 999 теңгеге қолжетімді."Жастар" картасы 16 жастан 25 жасқа дейінгі жолаушыларға арналған, оның құны – 3000 теңге. Бұл карта теміржол билеттерін сатып алуға 25% жеңілдік береді. Ол белгілі бір маршруттардағы қала маңы және коммерциялық пойыздарға таралады.Барлық картаның жарамдылық мерзімі іске қосылған сәттен бастап 1 жыл."Саяхатшы" жеңілдік картасы ‒ "Тальго" пойыздарында жиі жүретіндерге арналған. Карта тегін беріледі және оның қолданылу мерзімі – 2 жыл."Саяхатшы" жеңілдігінің мөлшері жолаушының өткен жылғы сапарларының сомасына байланысты:Картаны билеттерді офлайн/онлайн сатып алу кезінде пайдалануға болады."Карталар – атаулы және үшінші тұлғаларға беруге тыйым салынады. Картаны тек теміржол вокзалдарындағы компанияның билет кассаларында рәсімдей аласыз. Бұл ретте жеке куәлікті, электронды пошта мекенжайын және ұялы телефон нөмірін көрсету қажет. Карталардың саны шектеулі", - деп атап өтті "Жолаушылар тасымалы" АҚ.Билеттерді жеңілдікпен www.bilet.railways.kz ресми сайтынан және "ҚТЖ билеттері" мобильді қосымшасы арқылы (Android платформасында қолжетімді) сатып алуға болады.Жеңілдіктер туралы қосымша ақпаратты 1433 тегін нөмірі және KTZH_PP_BOT Телеграмм-боты арқылы білуге болады.
https://sputnik.kz/20231129/mereke-kunderine-baylanysty-qosymsha-poyyzdar-zhuredi--tizimi-shyqty-40508434.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0b/1d/40507271_142:0:2418:1707_1920x0_80_0_0_42a0e4cb268418a91ec51617959f98f6.jpg.webpSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
пойыз, жеңілдіктер, теміржол билеті
пойыз, жеңілдіктер, теміржол билеті
Елімізде пойыз билеттеріне 25% жеңілдік жасалады
11:23 01.12.2023 (жаңартылды: 16:36 01.12.2023) Дисконттық карталардың иелеріне теміржол билеттері жеңілдікпен сатылады
АСТАНА, 1 желтоқсан – Sputnik. Қазақстандық жолаушылар теміржол билеттерін 25% жеңілдікпен сатып ала алады, деп хабарлайды "Жолаушылар тасымалы" АҚ.
Компания жолаушылардың әртүрлі санаттары үшін пойыз билетін сатып алу кезінде жеңілдік алуға мүмкіндік беретін "Алтын", "Күміс", "Жастар" және "Саяхатшы" дисконттық карталарын ұсынады.
"Алтын" картасы 15 жастан асқан жолаушыларға компанияның барлық пойызына 25% жеңілдік береді. Картаның құны 19 999 теңгені құрайды.
"Күміс" картасы әлеуметтік маңызы бар пойыздарға 25% жеңілдік береді және 7 999 теңгеге қолжетімді.
"Жастар" картасы 16 жастан 25 жасқа дейінгі жолаушыларға арналған, оның құны – 3000 теңге. Бұл карта теміржол билеттерін сатып алуға 25% жеңілдік береді. Ол белгілі бір маршруттардағы қала маңы және коммерциялық пойыздарға таралады.
Барлық картаның жарамдылық мерзімі іске қосылған сәттен бастап 1 жыл.
"Саяхатшы" жеңілдік картасы ‒ "Тальго" пойыздарында жиі жүретіндерге арналған. Карта тегін беріледі және оның қолданылу мерзімі – 2 жыл.
"Саяхатшы" жеңілдігінің мөлшері жолаушының өткен жылғы сапарларының сомасына байланысты:
100 000-нан 150 000 теңгеге дейін, жеңілдік мөлшері – 10%;
150 001 теңгеден 200 000 теңгеге дейін, жеңілдік мөлшері – 15%;
200 001 теңгеден асса, жеңілдік мөлшері – 20%.
Картаны билеттерді офлайн/онлайн сатып алу кезінде пайдалануға болады.
"Карталар – атаулы және үшінші тұлғаларға беруге тыйым салынады. Картаны тек теміржол вокзалдарындағы компанияның билет кассаларында рәсімдей аласыз. Бұл ретте жеке куәлікті, электронды пошта мекенжайын және ұялы телефон нөмірін көрсету қажет. Карталардың саны шектеулі", - деп атап өтті "Жолаушылар тасымалы" АҚ.
Билеттерді жеңілдікпен www.bilet.railways.kz ресми сайтынан және "ҚТЖ билеттері" мобильді қосымшасы арқылы (Android платформасында қолжетімді) сатып алуға болады.
Жеңілдіктер туралы қосымша ақпаратты 1433 тегін нөмірі және KTZH_PP_BOT Телеграмм-боты арқылы білуге болады.