Мереке қарсаңында қосымша пойыздар жүреді – тізімі шықты

© Photo : Пресс-служба АО НК КТЖ /AlexanbrZhadchukПоезд "Тальго" отправился в первый рейс из столицы до Алаколя
Поезд Тальго отправился в первый рейс из столицы до Алаколя - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.11.2023
Жазылу
Сұранысы көп бағыттар бойынша техникалық мүмкіндік болған кезде жолаушылар пойыздарына қосымша вагондар қосылады
АСТАНА, 29 қараша – Sputnik. Қазақстанда желтоқсан айындағы мереке күндеріне орай қосымша пойыздар шығарылады, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының баспасөз қызметі.
"Жолаушылар тасымалы" АҚ Тәуелсіздік күні мерекесі мен Жаңа жыл мейрамы қарсаңында жолаушылар тарапынан пойыздарға сұраныс күрт артатынына байланысты қосымша пойыздарды бірнеше бағыттарға қосады.
Қосымша пойыздар келесі бағыттар бойынша қатынайды:
- №201/202 "Нұр-Сұлтан 1-Шымкент". Жүретін күндері – Астанада 15, 29 желтоқсан және 2024 жылдың 1 қаңтары, ал Шымкенттен 16, 30 желтоқсан мен 2024 жылдың 2 қаңтарында;
- №203/204 "Нұр-Сұлтан Нұрлы жол-Алматы 2". Жүретін күндері - 15, 28, 29 желтоқсаны және 2024 жылдың 1, 2 қаңтары "Нұрлы жол" вокзалынан, ал Алматы 2 вокзалынан - 16, 29, 30 желтоқсан және келер 2024 жылдың 2-3 қаңтар;
- №7510/7509 "Астана-Павлодар" электр пойызы. Жүретін күндері - 15, 29, 30 желтоқсан, ал кері бағытта - 18 желтоқсан 2024 жылдың 2 қаңтары;
"Бұдан басқа сұранысы көп бағыттар бойынша техникалық мүмкіндік болған кезде жолаушылар пойыздарына қосымша вагондар қосылады", - дейді компания мамандары.
Жаңалықтар
0